Сапа басқарудың фазалары.

Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.Өнім сапасын басқарудың фазасы кез келген басқару және басқару шешімдерін ойлап тауып, оларды қолдануға негізделеді.Өнім сапасын басқару кезінде басқару объектілері болып өнімді жасаудың өндірістік және өндіріске дейінгі кезеңдерінде, сонымен қатар, өндірістен кейінгі кезеңдерінде жүргізілетін және ұйымдастыратын өнім сапасы тәуелді болатын үрдістер болып табылады. Өнімнің сапа көрсеткіштері мен параметрлері мәнін регламенттейтін нормативтік құжаттар /әзірлеу үшін техникалық тапсырыстар, стандарттар, техникалық шарттар, сызбалар, жеткізу шарттары және т.б./ болып табылады. Әзірлеу процестері, өндіріс, өнімді эксплуатациялау немесе тұтыну талаптарын белгілейтін техникалық құжаттарды өнім сапасын басқару бағдарламасы ретінде қарастырған жөн.Сапа басқару процесіндегі көптеген сарапшылардың пікірі бойынша қазіргі уақытта сапаны басқару келесілерді талап етеді:
-әр компания өзінің балансындағы сапаға кеткен шығынға көңіл бөлуі керек;
-әрбір жұмысшы өнім сапасын жақсартудағы өзінің ролін анықтауды және де сапа бұл тұтынушыларды қанағаттандырушы белгісін қажеттікке жарамдылық дәрежесі екенін білуі керек;
-өнімнің немесе қызметтің дер кезінде жеткізілетініне және оның сапасының жоғары болуына сенімді болуы керек.
Сапа басқарудың фазаларын төртке бөлуге болады.I.Ақауға шығарып тастау фазасы. Бұл фаза өнермен бірге басталып, өз жұмыстарын тексеретін жеке шеңберлердің және бұйымдарды мұқият сұрыптайтын сатып алушылардың практикасына енді. XIXғ. 70ж-ры мылтық өндірісінде стандартты сапа идеясы пайда болды. Бұл фазаның дамуына американдық автомобилистер Г.Леланд пен Г.Форд зор үлес қосты, олар калибрлер мен жинақтаушы конвейер бойынша жұмыстардың идеяларын ұсынған. Бұл фазадағы тәжірибенің ғылыми жалпылығы, ғылыми менеджмент, кадрлық менеджмент, еңбектің ғылыми нормалануының концепцияларын ұсынған американдық ғалым Ф.Тейлордың жұмыстары болды. Бұл фазадағы сапа басқару концепциясының негізін келесі түрде тұжырымдауға болады: тұтынушы тек жарамды бұйымдарды алуы қажет. Басты күш ұтынушыларға жарамсыз бұйымдардың жетпеуіне бағытталуы керек.II.Сапа басқару фазасы. Бұл фаза XXғ. 20ж. басталады және американдық зерттеуші В.Шухарт есімімен байланысты. Ол бақылау карталарын қолдануды ұсынды. Бұл фаза жетістіктерінің бірі – бұйымдар партияларынан алынған үлгілерді бақылау жолымен өндірістегі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін тексерген сапа бойынша аудиторлық қызметтің құрылуы болып табылады. Сапаны қамтамасыз ету концепциясының басты мақсаты – тұтынушылардың тек жарамды бұйымдарды алуы. Ақауға шығарып тастау (отбраковка), сапаны қамтамасыз етудің маңызды әдістерінің бірі болып сақталады, бірақ басты күшті жарамды бұйымдарды шығаруды арттыруды қамтамасыз ете отырып, өндірістік процестердегі басқаруды шоғырлау керек.III.Сапаның үздіксіз жоғарылау фазасы. Фазаның басталуын 1950ж-дан бастап санау қабылданды. Американдық ғалым Э.Демингтің Жапония өндірушілері алдында дәрістер оқуы елеулі оқиға болды. Кейін замандасы Дж.Джуранмен бірге жапондық өндіріс үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламасын жасаған. Бұл бағдарламаның басты идеясы: «Өнім сапасының негізі – еңбек сапасы және барлық деңгейлердегі сапа менеджменті» болды. Бағдарлама жалпы жүйені жетілдіруге, компания басшылығының сапа мәселелеріне қатысуына, барлық қызметкерлерді сапаны қамтамасыз ету әдістеріне үйретуге негізделеді. Осы фазада қазіргі заман түсінігіндегі сапа менеджменті қалыптасты. Сапаны жоғарылату мен өндіріс тиімділігінің артуы арасындағы қарама-қайшылықтар алдын алынды: басқарудың жаңа идеяларын қолдану бір мезгілде сапаны жоғарылатуға және өндіріске кеткен шығындарды төмендетуге мүмкіндік берді.IV.Сапаны жоспарлау фазасы. Бұл фаза 1960ж. ортасында алдыңғы фазаның идеяларының дамуы ретінде қалыптасты және, бір жағынан, бұйымдардың сенімділік теориясының дамуымен, басқа жағынан, бұйымдар жасау процесін есептеуіш техниканы енгізумен байланысты. Бұл фазаның негізгі концепциялары: - бұйымдар ақауларының үлкен бөлігі, жобалау жұмыстарының жеткіліксіз сапасы салдарынан, әзірлеу сатысында белгіленген; - бұйым жасау бойынша жұмыстардың ауырлық центрін, тәжірибелі үлгілердің заттай сынақтарынан бұйымдар қасиеттері мен оларды өндіру процестерінің математикалық моделдеуіне көшіру; - жоғары сапаны тұтынушыға тұрақты түрде төмендейтін қолайлы бағамен ұсыну қажет, себебі нарықтағы бәсекелестік өте үлкен.