Сапа басқарудың қауіпсіздік көрсеткіші
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Қауіпсіздік көрсеткіштері-адамның тұтыну процесінде қауіпсіздігі мен зиянсыздығын қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер адамды, оның денсаулығын зиянды және қауіпті заттардан, афиотоксиндер, пестицидтер, ауыр металдардың тұздары қамтамасыз етуді орындайтын талаптарды есепке алады. Тауарларды, оның қауіпсіздік көрсеткіштеріне сапасын бағалауда еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік ережелеріне нормалар бойынша мемлекеттік стандарттар жүйесі, халықаралық ұйымдар, нормативті техникалық құжаттарда анықталатын талаптар ескеріледі.Жіберілген деңгеймен (мышьяк, кадмий, цинк, темір) зиян қаупінің шектелген жағдайы. Тұтыну тауарларының қауіпсіздігі былайша бөлінеді:
-Химиялық-улы элементтер (цинк, ауыр металдар, митотоксиндер, антибиотиктер, гармондық препараттар, т.б.);
-Радияциялық- радионуклидтер, радиоизотоптар;
-Механикалық- үйкелу, ұрыну, деформация, т.б.;
-Электромагниттік және электрлік сәулелер;
-Сызықтық;
-Электрлік
-Магниттік;
-Электрлі-магниттік
Қауіпсіздік көрсеткіштері объекттің оны қолдану, сақтау, тасымалдау және қалдықтарды пайдалануда адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін сипаттайды. Қауіпсіздік көрсеткіштердің номенклатурасын объекттің өзгешелігіне және оны қолдану жағдайларына байланысты белгілейді. Қауіптің түрлері: механикалық, электрлік, термиялық, химиялық және биологиялық. Қауіптің түрлеріне байланысты қауіпсіздік көрсеткішінің шағын топтарын көрсетуге болады:
-механикалық қауіп;
-электрлік тұрақсыздық;
-термиялық тұрақсыздық ;
-өрт пайда болуына бейімділік;
-жарылыс пайда болуына бейімділік;
- химиялық қауіп;
-биологиялық белсенділік;
-радиациялық белсенділік.