Сапа саласындағы саясат
Сапа саласындағы кәсіпорынның бағыты сапа саласындығы саясатта көрінеді.
Сапа саласындағы саясат келесідегідей қызмет принциптерімен сипатталады:
-Кәсіпорын жағдайының экономикалық жағынан жақсару нәтижесінен өнімнің сапасының жақсаруы.
-Нарық көзін табу немесе жоғарғы сапа есібінен өнімді өткізу көлемнің ұлғаю.
- Бәсекелестікте өнімнің жоғарғы техникалық деңгейіне қол жеткізу.
-Сұраныстарды анықтайтын өнімнің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруы.
-Сапаны жақсарту бойынша қызметке жұмыстарды қатыстыру негізінде ақуалды көтеру.
-Жоғары қызмет көрсетулерді жетілдіру
Сапа саласындағы саясат жеке құжат ретінде қарастыруы мүмкін. ИСО 9001 стандартында сапа үшін басшылықтың жауапкершілік дәрежесі анықталған. Фирма басшылығы нақты анықталып, құжатқа толтырылатын сапа саласындағы саясаттың жасап шығарылуына, құрылымына, енгізілуіне немесе сапа жүйесінің қызмет етуіне толықтай жауапты болады. Басшылықтың міндетіне мамандарды таңдау өндірістік өлшеу, бақылау,сынау жабдыұтары үшін қажетті ресурстарды бөлу, табу және программалық қамтамасыз етулер кіреді. Басшылық қызметкерлердің білім деңгейін белгілейді, біліктілігін жоғарылату бағытында қажетті іс-әрекеттер жасайды, қарастырады. Фирма басшылығы сапаның тұраұтылығына әсер ететін сапа көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Тұтынушыларға пайдалы жаңа қызмет түрлері немесе жаңа өнімді өндіруге шешім қабылдауға жауапты. Кәсіпорында әрбір жұмысшыға тапсырмалары жауапкершілігі және уәкілеттілігі түсіндіретін қызметтік инструкциялар жасау керек. Сапа жүйесінің ерекшелігі оның құрамында жүйенің ішкі тексерілуі, сарапталуы және тиімділігінің бағалауында.Басшылық қызмет ететін сапа жүйесінің тиімділігіне сараптаулар жүргізу керек. Сараптаудың негізгі мақсаты сыртқы жағдайлардың өзгеруімен анықталады. Мысалы: жаңа тауарларды, өнімдерді шет елге немесе нарыққа шығару.Сараптау – негізінен басшылықтың тағайындауымен немесе тәуелсіз мамандардың көмегімен жүргізіледі.