Квалиметрияның негізгі бағыттары,шарттары

Квалиметрия (латынша qualitas – «қандай, сапасы қандай», metreo – «өлшеу») - өнімнің адам қызметі процестерінің сапасын, өнім сапасын басқару мен стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым саласы.Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және дамыту.Квалиметрияның басты мақсаттары: сапа көрсеткіштері номенклатурасын негіздеу, оларды анықтау мен ықшамдау әдістерін жасау, бұйымдардың типтік өлшемдері мен параметриялық қатарларын ықшамдау, жалпылама сапа көрсеткіштерін құрұ принциптерін өңдеу және оларды стандарттау мақсаттары мен сапа басқаруда қолдану шарттарын негіздеу.Квалиметрия нормативті құжаттардағы сапа көрсеткіштерін регламенттеу бойынша, периодты, типтік, қабылдаушы-тапсырыстық және сертификаттық сынаулар процесінде сапа деңгейін бағалау мен сапа басқару бойынша қызметтің негізінде жатқан мәселелерді шешу методологиясы мен әдістемелерін зерттейді.Квалиметрия теориялық және қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық квалиметрия, нақты объектілерді дерексіздендіре отырып, сапаның сандық бағалауының принциптерін, классификациясын, жалпы әдістер мен арнайы мәселелерді негіздеп жасайды. Қолданбалы метрологияның басты мақсаты - өнімнің нақты түрлерінің ерекшеліктерін есепке алатын сапаны сандық бағалаудың әдістерін жасау.Квалиметрияның негізгі шарттары:
1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет көрсету, процесс, жүйе, т.б.) жеке қасиеттермен сипатталады, бұл қасиеттер деп, ГОСТ 15467-79 сәйкес, өнімді жасау, эксплуатациялау мен қолдану кезінде көрінетін өнімнің объективті ерекшеліктері танылады.
2. Сапа - өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығының дәрежесін анықтайтын күрделі қасиет немесе қасиеттер жиынтығы. Өнім сапасы - өнімді қолданысы ұқсас басқа өнімнен ерекшелейтін, кейбір тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін және нарық жағдайындағы өнімге сұранысты анықтайтын техника-экономикалық жүйемен сандық бағаланатын қасиеттер жиынтығы.
3. Сапа иерархиялы құрылым (қасиеттер ағашы)түрінде көрсетіледі, оның ең жоғарғы деңгейінде сапа, ал ең төмен деңгейінде қарапайым қасиеттер болады.
4. Жеке қасиеттер (қарапайым немесе күрделі) белгілі бір өлшем бірліктерінде өлшенуі немесе бағалануі мүмкін, нәтижесінде сапа көрсеткіштерінің абсолют мәндері анықталады.
5. Сапа көрсеткіштерінің абсолют мәндерін орнату мыналар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: - өлшеу құралдарын қолданумен метрология әдістерімен эксперименталды түрде; - эргономикалық және эстетикалық қасиеттерді анықтау үшін адамның сезім мүшелерін қолданумен органолептика әдістерімен эксперименталды түрде; - объектінің жұмыс істеуінің және сапа қасиеттері мен көрсеткіштері арасындағы аналитикалық байланыстарды орнатудың аналитикалық модельдерін құрастыру негізінде.
6. Көрсеткіштің абсолют мәнімен бірге, әрбір қарапайым немесе күрделі қасиет көрсеткіштің салыстырмалы мәнімен де сипатталуы мүмкін. Бұл салыстырмалы көрсеткіш көрсеткіштің абсолют мәнін негізгі мәнімен салыстырумен анықталады.
7. Сапа көрсеткіштерінің абсолют және салыстырмалы мәндерімен қатар, әрбір қарапайым немесе күрделі қасиет барлық басқа қасиеттер арасында өзінің салмақтылығымен сипатталады.
8. Сапаның сандық сипаттамасы, өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы деп танылатын өнім сапасының деңгейі болып табылады.
9. Сапа деңгейінің мәні көрсеткіштердің салыстырмалы мәндерінің және салмақтылық коэффициенттерінің қандай да бір функциясы ретінде көрсетіледі.
10. Сапаны сандық бағалаудың жалпы алгоритмі келесідей: - сапа көрсеткіштерінің иерархиялық құрылымын құрастыру; - сапа көрсеткіштерінің абсолют және негізгі мәндерін анықтау; - көрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттерін анықтау; - сапаны комплексті сандық бағалаудың мәндерін анықтау.
Негізгі бағыттарына жататындар:
-Өнім сапасын бағалау әдістерінің өзара байланысын, оның қолдануы шарттары және тұтынушы бағаларын есепке ала отырып толық жетілдіру.
-Өнімнің нақты тобының сапасын сипаттайтын оның сапасына замандас талаптар және тұтынушы бағалары есепке алып , қасиеттер мен көрсеткіштерді жүйеге келтіру.
-Өнімнің өмірлік циклінің әр түрлі сатысында өнімнің бағалау әдістерінің өзекті мәселелерінің құрамын құру.Типтік мәселелерді шешуге әдістемелік, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкес келуі.
-Нормативтік-техникалық құжаттарда сертификатталған өнімдерді, оның қауіпсіздік, экологиялық әдістерінің және тексеру құралдарының көрсеткіштерін бағалаудың толық және анықтық әдістемелік негіздерін өңдеу.
Жоғарыда көрсетілген сапа басқарудың бағыттары статистикалық әдістерді қолданғанда нәтижелі шешіледі. Сонымен , жүйеде бағалайтын статистикалық әдістер келесі мәселелерді шешуде қолданылады:
-Статистикалық дәлдік бағалауда сапа индексінің кешенді және жалпы көрсеткіштерін анықтау.
-Статистикалық бақылау үлгілерін регресстік , факторлық , дисперсиялық талдау әдістері көмегімен эффективтілік сапасының жалпы көрсеткішінің жеке көрсеткіштен статистикалық тәуелділіктер түрінде құруы .
-Технология сапасы мен техника объекттерінің статистикалық классификациялары.
-Салмақтылық коэффициентінің статистикалық анықтамасы.
-Статистикалық экстраполяциялар, уақытша қатарлар, бағалау көрсеткіштерінің динамикалары көмегімен бағалаудың болжамдық негізін құру.
-Бағалаудың эталонды-нормативті негізін құру.
-Өнім мен өндіріс сапасының тұрақтылығын бағалау.