Кәсіпорында өнімнің сапасына әсер ететін факторлар
Әрбір кәсіпорында өнім сапасына әсер ететін алуан түрлі факторлар бар, олар ішкі және сыртқы факторлар.Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің қызмет етуіне байланысты, яғни, көзделген сападағы өнімді шығара алу мүмкіндігі. Ішкі факторларға- кәсіпорынның сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді:
1.Техникалық өнім сапасына тікелей әсер етеді. Яғни жаңа техника мен технологияларды енгізу. Жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану. Бәсекеге қабілеттілік өнім шығаруының негізі болып табылады.
2.Ұйымдастырушылық- еңбек ж-е өндірісті ұйымдастырумен өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкердің біліктілігі, сапаны басқару мен оны сертификаттау ж-е т.б. Ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді.
3.Экономикалық- өнім шығару мен оны іске асыру шығындары,баға жасау саясаты ж-е жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартты түрде таныстыру.
4.Әлеуметтік-психологиялық- ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ортаның болуы, ыңғайлы жұмыс орындары, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуы ықпал етеді.
Оларды келесідей түрлерге классификациялайды: техникалық, ұйымдық, экономикалық, қоғамдық.Техникалық факторлар ең қарапайым жолмен өнім сапасына әсер етеді. Жаңа технологияны енгізу, жаңа материалдарды пайдалану бәсекеге қабілетті өнім шығаруға тікелей әсер етеді. Ұйымдық факторлар өндірісті және еңбекті жетілдірумен, өнім сапасына жауапкершілікті жіне өндірістік тәртіпті жоғарылатумен, қызметшілердің білімнің сәйкес деңгейде жетілдірілуімен байланысты.Экономиалық факторлар өнімді реализациялауға кеткен шығындарға байланысты.Қоғамдық факторлар жұмыс жағдайын жақсарту үшін қолданылатын фактор. Сыртқы факторларға- өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады.
1.Нарық ж-е тұтынушылар талаптары
2.Бәсекелестік
3.Өнім сапасы саласындағы нормативтік құжаттар.
4.Кәсіпорын имиджі
Сыртқы факторлар нарықтық байланыстарда өнім сапасының қалыптасуына негізделген. Оларға бірінші кезекте нарық шарттарын, сатып алушыларды, бесекені жатқызуға болады.