Өнім сапасы. Өнімнің сапасын көтерудің негізгі мәселелері.

Сапа- әртүрлі,біртұтас факторды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. 2007 ж 8-қарашада еліміз дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді. Бұл күн 80-ж мына бірқатар халықаралық ұйымның ынтасымен тағайындалған:
-Еуропалық сапа бой-ша ұйым
-Жапондық ғалымдар мен инженерлер
-Американдық сапаны басқару жөніндегі ұйым
-Латын Американдық сапа бой-ша ұйым
Ұсыныс БҰҰ қолданып, қарашаның 2-ші күні халықаралық қауымдастыөпен айрықша мәнді күндер қатарына қосылды. Кейін Еуропалық сапа ұйымы 2 қарашаның 2-ші аптасы Еуропалық сапа аптасы деп жарияланды. Сапа аптасы бой-ша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өтеді. Олардың мақсаты: сапа мәселесіне елдің назарын аудару, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу, сонымен қатар оған жету, сақтау ж-е көбейту жолдары жөнінде бітімдерді насихаттау. Сапа кешенді түсінік, оған әр түрлі анықтамалар беріледі. EOQ (Сапа бойынша Европалық ұйым) – бұл өнімнің тұтынушы талабына сәйкес келу деңгейі. ИСО 9000:2000 «Сапа жүйесі – Негіздер және терминология» стандартының анықтамасы бойынша сапа - бұл өзінің қасиеттерінің жиынтығы тұтынушының талаптарын орындайтын деңгей.
Кез келген өндірістің негізгі мақсаты сапалы өнім өндіру. Уақыт өткен сайын бұл мақсаттың маңыздылығы күшейе түсуде. Бұл ғылыми техникалық прогресстің дамуымен және өндірістік қуат пен әлем елдерінің сауда байланыстарының күшеюімен түсіндіріледі. Кім жоғары сапалы тауарды тиімді бағамен ұсынса, сол ұтады.
Сапа күрделі және көп өлшемді түсінік. Сапаның критерийлері бұйымның эстетикалық, эксплуатациялық, эргономикалық, функционалдық көрсеткіштері болуы мүмкін. Сапаның сандық бағасы үшін квалиметрия әдісі қолданылады. Квалиметрияның негізгі әдісі: бұйым сапасының қажеттік көрсеткіштерінің номенклатурасын, олардың оптималды мағынасын анықтау, сонымен қатар сапаның сандық бағалау әдісін жасау, сапаның белгілі бір уақыт ішінде өзгеру әдістемесін жасау.Сапалы өнім алу үшін бірнеше кешенді талаптарды орындау керек. Бұлар объективті факторлар:
-Ғылымның, техниканың және дизайнның ең соңғы талаптарына сай келетін өнімнің заманауи жұмыс жобасы;
-Заманауи материалдар және ғылыми техника жетістіктерін пайдалануда құптайтын өнім өндірудің заманауи технологиясы;
-Заманауи жаңа технологиялық құрылғылар;
-Заманауи құрылғыларда жұмыс істеуге қабілетті кәсіптік білім алған жұмысшылар кадры және алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану.
Бұның барлығы сапалы өнім алудың объективтік компоненттері болып табылады.
Сонымен, сапа тапсырыс беруші қажеттіліктерін не тұтынушының қанағаттандырылуынан басталады. Тауарды пайдаланудың жарамдылықтары: даярлау, конструктивтік шешім, эксплуатация, сервистен тұрады. Философиялық көзқарас жағынан түсіндірілетін сапа терминінің басқа да анықтамалары:
-Сапа- бұл тұтынушының тауар ж-е қызмет көрсетулермен қанағаттандырылуы
-Сапа- бұл дүкенге тауардың емес, сатып алушының қайтып келуі.
-Сапа- бұл өңдеу, бұйымдар пайдалану кезіндегі энергиялар мен материалдардың қолдануының минимумы. Олардың адам денсаулығы, қызмет көрсету,қоршаған ортаға зиян келтірмеу.
-Сапа- бұл алға басушы бастауыш прогресс.