Сапа. Өнімнің сапасына қойылатын талаптар

Сапа- бұл өзіне меншікті мінездемелерінің жиынтығының талабын орындайтын дәреже. Өнім берілген талапқа сәйкес келу керек, яғни анықталған жағдайда тағайындалғаны бой-ша ж-е берілген уақыт аралығында оны пайдалануды меңгеру ерекшелігіне ие болу керек. Сипаттамасына берілген сандық талаптарда нақты белгісі, шекті ауытқу мен жіберілуі болуы керек. Өнімге талаптар ол арқылы орындалатын функциялары мен пайдалану шарттарының әртүрлілігі. Әр түрлі кезеңдегі талаптардың сипаттамалары мен деңгейлері бірдей емес ж-е тұрғындардың материалдық, мәдени өмірінің деңгейіне, өнімнің тағайындалуына ж- н өнім туралы тұтынушының ақпарат алу дәрежесіне байланысты. талап деңгейі мен өнім сапасының арасында белгілі оның үзіліссіз көтерілуі ж-е жаңалану қабілеттілігінің белгілі диспропорциясы болады. Өнімге талаптар ағымдағы,перспективалық,жалпы ж-е спецификті болып бөлінеді.
Ағымдағы талаптар- бұл сериялы өндірісте шығарылатын өнімдерге ұсынылатын ж-е өндірістің мүмкіндігі мен сұраныс сипаттамасын анықтайтын талаптар. Ағымдағы талаптар нормативтік құжаттармен ж-е үнемі нақтыланумен реттеледі. Перспективалық талаптар- бұл шикізат пен материалдардың, жаңа технологиялар мен өндірістік әдістердің жаңа түрлерін пайдалану болжамы негізінде әзірленетін талаптар. Перспективалық талаптар озық стандартты әдістермен әзірленген нормативтік құжаттармен реттеледі. Перспективалық талаптар бірте-бірте ағымдағы талптар деңгейін көтеруге әкелетін ағымдағы талаптарға ауысады. Жалпы талаптар- бұл өнім түрлерінің бір не көбіне ие талаптар. Оларға өнімнің өзіндік тағайындалуына, негізгі функцияларының орындалу дәрежесіне, пайдалану өолайлығына, зияндылығына, пайдалану сенімділігіне, жөндеу мүмкіндігіне ж-е т.б. толық сәйкес келетін талаптар. Спецификті талаптарға- артық шарттардың эксплуатациясымен анықталады. Талаптарды орындау кезінде сапа көрсеткіштеріне: тауар сапасының көрсеткіштері, техникалық параметрлік мінездемелер, технологиялық, әлеуметтік ж-е функционалдық белгілеулер, қауіпсіздік,экологиялық,эргономикалық, эстетикалық көрсеткіштер жатады. Өнімнің әр түрінің ерекшелігіне талаптар бірдей емес. Өнімнің бір түріне сенімділік талабы жоғарырақ қойылса, ал басқасына- эргономикалық не эстетикалық талаптар қойылады.