Кешендік және жалпы сапа басқару

Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.
Кез келген өнім шыққан уақытынан бастап пайдаланып біткен соңғы уақытына дейін мынадай этаптарды құрайды. Ол ИСО 9004 сериясы бой-ша жасалынған. Сапа жөніндегі саясаттың формасы ретінде сапа жүйесі, сапаны жақсарту бол. таб. олар мынадай элементтерден құралған:
-Маркетинг,рынокты меңгеру
-Техникалық ережелерді жасау ж-е жоспарлау,өнімді жасап шығару
-Материалды техникалық үнемдеу
-Өндірістік процесстерді жасау ж-е дайындау
-өндіріс
-Сынақтарды өткізу ж-е бақылау
-Орау ж-е сақтау
-Өндірісті жіктеу ж-е тарату,талдау
-Монтаждау
-Техникалық көмек ж-е онымен қамтамасыз ету
-Өнімнің пайдаланылып бітуі
Өнімнің кешендік басқару жүйесіне:
-Жаңа өнімді жасау процесін бақылау, өнімге жеке түрде баға беру, кез келген материалдың сапасын бағалау, бақылау
-Дайын өнімдерді бақылау
-Процесстерді талдау
-Өнімнің сапасы жөнінде ақпараттарды пайдалану
-Жеке жұмысшылардың біліктілігін көтеру ж-е сапаны қамтамасыздандырудағы әдістерді оқып-үйрену
-Өнімнің сапасына байланысты жұмыстарды басшылыққа алу.