Сапа басқарудағы негізгі факторлар

Сапа - өнімнің маңызды көрсеткіші болып табылады, себебі оның бағасына тура қатынасқа ие. Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.оған әсер ететін факторлар.
Ішкі факторларға- кәсіпорынның сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді:
-Техникалық өнім сапасына тікелей әсер етеді. Яғни жаңа техника мен технологияларды енгізу. Жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану. Бәсекеге қабілеттілік өнім шығаруының негізі болып табылады.
-Ұйымдастырушылық- еңбек ж-е өндірісті ұйымдастырумен өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкердің біліктілігі, сапаны басқару мен оны сертификаттау ж-е т.б. Ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді.
-Экономикалық- өнім шығару мен оны іске асыру шығындары,баға жасау саясаты ж-е жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартты түрде таныстыру.
-Әлеуметтік-психологиялық- ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ортаның болуы, ыңғайлы жұмыс орындары, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуы ықпал етеді.
Сыртқы факторларға- өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады.
-Нарық ж-е тұтынушылар талаптары
-Бәсекелестік
-Өнім сапасы саласындағы нормативтік құжаттар.
-Кәсіпорын имиджі
Сапа көптеген өндіріс ішіндегі және өндірістен тыс факторларға байланысты:
- инженерлі (техникалық) факторлар, шығарылатын бұйым конструкциясының техникалық деңгейін, сенімділігін және басқа да көрсеткіштерін, техникалық құжаттама жағдайын анықтайды;
- өндірістік (технологиялық) факторлар, өндірістің технологиялық даярлығының деңгейі мен жағдайын, сынау жабдықтарының жағдайы мен өлшеу мен бақылау құралдарының сапасын анықтайды;
- жабдықтау факторлары, жеткізілетін шикізат, материал мен жинақтаушы бұйымдардың қамтамасыз етілуі мен сапасын анықтайды;
- әлеуметтік факторлар, өндірістік процестегі жұмыс басты жұмысшылардың квалификациясын, кадрларды іріктеу, орналастыру мен алмастыруды, ұжымдағы өзара қарым-қатынастарды, тұрмыс жағдайларын, жұмыстан тыс уақыттағы демалысты ұйымдастыруды сипаттайды;
-ұйымдастыру факторлары, технологиялық тәртіп жағдайын, еңбектің ғылыми ұйымдастырылуының принциптері мен әдістерін сақтауды, өнім нарығын зерттеудің тереңдігін, сапа бойынша басқару саясатын, ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, кәсіпорындағы тамақтану мен демалуды ұйымдастыруды сипаттайды;
- экономикалық факторлар, өнім сапасы, өзіндік құны мен бағасы арасындағы қатынасты, еңбекақы формасы мен өлшемін, шарушылық есепті ұйымдастыру мен жүргізуді, несиелеу тәртібі мен сапаны жоғарылатуға қаржы бөлуді, сапалы өнім дайындаудың моральды және материалды ынталандырудың жүйесін сипаттайды.
Өнім сапасын жоғарылату екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- шығарылатын өнім сапасын бұрын игерілген техника аумағында жетілдіру;
- жаңа конструкциялық идеялар мен жұмыс процестерін қолдануға негізделген өнімнің жаңа түрлерін шығару.