Өнім. Өнімнің сапасын басқару жүйесі.

Өнім- процестің не қызметтің нәтижесі. Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер. Өнімнің сапасын басқару жүйесінде негізгі регламент сертификаттау мен стандарттауды айта аламыз. Стандарттау- нормативтік құжаттармен бекітіледі, өнімнің шығарылуына қойылатын талаптар, әдістемелер, құрылымдағы сияқты қызметтің түрлері жатады. Стандарттаудың басты мақсаты- халық шаруашылығына қажетті өнімдер, жасалымдар, мемлекеттік қауіпсіздік, экспорт қажетіне дайындайтын өнімге тиісті прогресті талаптарын анықтайтын нормативті- техникалық құжаттарды құру,басқару. Әрекет етуші стандарттау жүйесі мынадай өзекті мәселелерден тұрады ж-е оларды қолданады.
-Бірегей техникалық тіл
-Өнімнің негізгі техникалық сипаттамаларының қатарларын белгілеу
-Жалпы машина жасау жасалымдарын қолдану конструкцияларының түрлері
-Технико-экономикалық ақпараттар классификаторының жүйесі
-Заттар мен материалының қасиеттері туралы анықтамалық мәндерінің дұрыстығы.
Сапаны басқару моделінің құрылымын 3 құжаттық деңгейге бөлуге болады. Олар:
-Спаны басқару
-Сапаны басқару процедуралары
-Сапа бой-ша жұмыс құжаттары
Бір-бірімен байланысатын спа жүйесінің компоненттеріне: сапа жөніндегі басқарма, жқмыс ережелері ж-е сапа бой-ша есеп беру. Яғни, сапа жөніндегі басқармада жұмыс ережелерінде сілтеме болу керек, ал олар сапа жөніндегі құжаттарға негізделеді. Сапа басқару жүйесін енгізудің ұтымды жақтары:
-Ішкі ж-е сыртқы талаптарды тиімді қанағаттандыру
-Бизнес-үрдістерді оңтайландыру
-Түзету мен сақтандыру ісінің нәтижесі ретінде өнімнің өмірлік циклі бақыланып, кемшіліктер мен шығындарды болғызбау мүмкіндігі.
-Міндеттерді қызметтік арасында үлестіру мен олардың тиімді әрекет етуі
-Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын жақсарту, сыртқы нарықтарға шығу
-Компания мен өнімнің беделі мен бейнесін жоғарылату
-Өндіріс мәдениетін жетілдіру
-Кәсіпорын шығынын төмендету мен ұтымдылығын көтеру
-Ақпаратық жүйені жетілдіру
-Кәсіпорынның сапаға негізделген үрдістерінң бағдары
-Компания тарапына шығын алып келу қаупін жою
-Өнім мен қызмет түрлерін жеткізуге байланысты халықаралық тендрлерге қатыстырылу мүмкіндігі
-Тауарлар мен қызметті халықаралық мойындау
- Мекеменің несиеге қабілеттілігі
-Еуропа қауымдастығы талаптарын сақтау
-Тұтынушы түсініспеушілігі туындаған жағдайда өтемақы төлеу сияқты негізсіз шағым мен талаптардан сақтау.