Өнімнің сапа көрсеткіштері, қасиеттері

Өнім сапасы оның қасиеттері жиынтығының қажеттіліктеріне сай келу дәрежесімен анықталады. Қасиет- өнімді жасау, бағалау, эксплуатациялау ж-е тұтыну кезіндегі оның объективті ерекшелігі. Өнім қасиеті жай ж-е күрделі бол.бқлінеді.Жай қасиет-өнімнің тек бір объективті ерекшелігін сипаттайды.(мыс, автомобильдің түсі,қаттылығы), күрделі қасиет- өнімнің бірнеше объективті ерекшеліктерін сипаттайды, яғни, жай қасиеттердің жиынтығы бол.таб.(мыс, сыртқы түрі жай қасиеттерден тұрады-қалпы, түсі). Қасиетті шартты түрде негізгі ж-е қосымша деп 2-ге бөледі. Негізгі қасиеттер- өнімнің өз тағайындалуына сәйкестігін сипаттайды.(мыс, жиһаз үшін- бұл қооданудағы ыңғайлылық, беріктілік, ұзақтылық). Қосымша қасиеттер- негізгі қасиеттерді күшейтеді не төмендетеді.(мыс,жиһаз үшін- оның салмағын). Өнімді қолдану не эксплуатациялау кезінде пайда болатын қасиеттерін тұтынушылық қасиеттері д.а. тұтынушылық қасиеттер жиынтығын өнімнің пайдалылығы анықтайды. Өнімнің тұтынушылық қасиеттеріне техникалық сипаттамалар мен параметрлер, технологиялық ж-е экономикалық қасиеттер, әлеуметтік ж-е функционалдық белгілер, эксплуатациялық қасиеттер,сенімділік, қауіпсіздік,экологиялық, эргономикалық ж-е эстетикалық қасиеттер жатады. Қасиеттердің өлшемі ретінде өнімнің сипаттамаларында айқындалған сапа көрсеткіштері қызмет етеді. Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы. Өнімнің бір ғана қасиеттері әртүрлі көрсеткіштермен бейнеленуі мүмкін екендігін ескере кеткен жөн.мыс, тестильді материалдардың ауа өткізгіштігі- материалдардан өткен ауа жылдамдығымен. Көрсеткішті таңдау өнім спецификасымен,оның белгісімен, экспоуатация шарттарымен анықталады. Әрбір өнім түрі оның тағайындалуына қатысты белгілі бір сапа көрсеткішінің номенклатурасымен сипатталады. Көп маөсатты тағайындалу өнімінде бұл номенклатура көп санды болуы мүмкін. Өнім спасының көрсеткіші әртүрлі өлшем бірліктермен жазылуы мүмкін,мыс, жылдамдық-км/сағ, бояу беріктілігі-балл, сондай-ақөлшемсіз болуы мүмкін. Сипатталтын қасиеттер санына байл бірлік, кешенді бол.бөлінеді. өнім сапасының бірлік көрсеткіші- өнімнің бір ғана қасиетін мөлшерлі сипаттайтын көрсеткіш, кешенді көрсеткіш- өзара байланысқан жай ж-е күрделі қасиеттердің жиынтығы. Бірлік сапа көрсеткішінің мысалына- халваның сапасының дәмдік көрсеткіші жатады. Кешенді сапа көрсеткішінің мысалы ретінде- бірмезгілде формасын, түсін,балғындылығын ескеретін балғын жемістер мен көкөністердің сыртқы түрі,ластануы, өлшемі ж-е басқа да бірлік көрсеткіштері.Өнімнің жалпыланған кешенді сапа көрсеткіші- өнімнің сапасын бағалайтын барлық қасиеттердің жиынтығы. Негізгі көрстекіші- сапаны салыстырмалы бағалау кезңнде бастапқы көрсеткіш ретінде алынады. Анықтауыш көрсеткіші- өнімнің сапасын тікелей бағаланады. Абсолюттік кқрсеткіші- әртүрлі өлшем бірліктер арқылы не өлшемсіз шамалармен өрнектеледі. Салыстырмалы көрстекіші- өлшемсіз шамалрмен не %-пен өрнектелетін абсолюттік көрсеткіштің мәндері.