Қазақстан Республикасындағы сапа басқару

Сапа басқару-өнімнің пайда болуынан бастап, оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету, сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілетін əрекеттер.Өнімнің сапасын басқару жүйесінде негізгі регламент ретінде сертификаттау мен стандарттауды айта аламыз.Стандарттау - ол нормативтік құжаттармен бекітіледі, өнімнің шығарылуына қойылатын талаптар, əдістемелер, құрылымдығы сияқты қызметтердің түрлері жатады.Стандартаудың басты мақсаты - халық шаруашылығына қажетті өнімдер, жасалымдар, мемлекеттік қауіпсіздік, экспорт қажетіне дайындалатын өнімге (жұмысқа) тиісті прогресті талаптарын анықтайтын нормативті-техникалық құжаттарды құру, басқару. Сонымен қатар, осы бағытта құжаттардың дұрыс пайдаланылуы, орындалуы кіреді.Əрекет етуші стандарттау жүйесі мынадай өзекті мəселелерден тұрады жəне оларды қолдайды:
• бірегей техникалық тіл;
• өнімнің негізгі техникалық сипаттамаларының қатарларын белгілеу(рұқсаттау);
• жалпы машина жасау жасалымдарын қолдану конструкцияларының түрлері(бекіту, кесетін инструменттер);
• технико- экономикалық ақпараттар классификаторының жүйесі;
• заттар мен материалдардың қасиеттері туралы анықтамалық мəндердің дұрыстығы.
Сапаны басқару моделінің құрылымын үш құжаттық деңгейге бөлуге болады. Олар:
1. Сапаны басқару
2. Сапаны басқару процедуралары
3. Сапа бойынша жұмыс құжаттары.
Бір-бірімен байланысқан сапа жүйесінің компоненттеріне: Сапа жөніндегі басқарма,
Жұмыс ережелері жəне сапа бойынша есеп беру. Яғни, сапа жөніндегі басқармада жұмыс ережелеріне сілтеме болу керек, ал олар Сапа жөніндегі құжаттарға негізделеді.Сапа басқару жүйесін енгізудің ұтымды жақтары:
• Ішкі жəне сыртқы талаптарды тиімді қанағаттандыру;
• Бизнес – үрдістерді оңтайландыру;
•Түзету мен сақтандыру ісінің нəтижесі ретінде өнімнің өмірлік циклы бақыланып, кемшіліктер мен шығындарды болғызбау мүмкіндігі;
• Міндеттерді қызметкерлер арасында үлестіру мен олардың тиімді əрекет етуі;
• Кəсіпорынның нарықтағы жағдайын жақсарту, сыртқы нарықтарға шығу;
• Компания мен өнімнің беделі мен бейнесін жоғарылату;
• Өндіріс мəдениетін жетілдіру;
• Кəсіпорын шығынын төмендету мен ұтымдылығын көтеру;
• Ақпараттық жүйені жетілдіру
• Кəсіпорынның сапаға негізделген үрдістерінің бағдары;
• Компания тарапына шығын алып келу қаупін жою;
•Өнім мен қызмет түрлерін жеткізуге байланысты халықаралық тендерлерге, қатыстырылу мүмкіндігі;
• Тауарлар мен қызметті халықаралық мойындау.