сапа басқарудағы Дж. Джуран принциптері
Сапаны жоғарлатудағы Джуранның 10 құраушысы-бұл құраушыларды Джуран жасады. Джуран бойынша сапа жүйесі ұйымдарының дамуы сапа деңгейінің басқа сатысына ауысуға,яғни бастапқымен салыстырғаннан жоғарғы деңгейге өту,мүмкіндік береді. Бұндай жоғарғы деңгейге қол жеткізу үшін сапаны жоғарлатудағы 10 құраушыны пайдаланамыз.Деминг сияқты секілді ол процестер мен жүйелердің сапасының жоғарлауына ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар Джуран сапаны жоғарлатудағы әрбір индивидуальды қызметті жүргізетін менеджерлерге көңіл бөлу.Сапаны жоғарлатудағы 10 құраушыға мыналар жатады:
1)сапалы жұмысқа талаптарды қалыптастыру және сапаның жоғарлауына жағдай жасау;
2)қызметтерді тұрақты жетілдіру үшін мақсаттарды тағайындау;
3)қойылған мақсатқа жету үшін тиiмдi жұмыс атқаратын үйлестірушілерді таңдау мен командаларды қалыптастыру арқылы ұйымдарды құру;
4) ұйымның қызметкерлерін оқыту мүмкіндігі
5)қиындықтарды шешу үшін жобалар жасау
6)жетістікке қол жеткізген ұйым қызметкерлері туралы ақпарат беру;
7)сапаның жоғарлауына көп үлес қосқан қызметкерлерді мойындау;
8)нәтижелер туралы ақпарат беру
9)жетістіктерді тіркеу;
10)тұрақты қызмет көрсететін жүйелер мен процестердің әр жыл сайынғы жетістіктерін енгізу және бекіту Сапаны бақылаудан сапаны басқаруға дейінгі ауысудың ең алғаш негізін салған Джуран. Сонымен қатар ол Сапа спиралын(Джуран спиралын)жасады.Сапа спиралы- сапа басқарудағы жұмыстардың үзілісіз дамуындағы негізгі кезеңдерді анықтайтын кең тараған модель және кейін пайда болған моделдердің алғашқы үлгісі болып табылады.Дж. Джуран AQI (жыл сайынғы сапаның өсуі) концепциясының авторы.Джуран бойынша,сапаның өсуі- жаңарту жасаудағы адамның талпынысымен байланысқан сапа аймағы жұмыстарының нәтижелерге жетуіндегі өсуі.Стратегиялық шешім кезінде, бәсекелестік қабілетінің жоғарылылығы және ұзақ мерзімді нәтижелер кезінде жинақы болуға AQI концепциясы маңызды көңіл бөледі.