Сапа көрсеткіштерінің мәні және өзара байланысы

Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Өнімнің сапа көрсеткіштері ГОСТ 15467-79 регламенттелген өнімнің белгісі мен параметрінің түсініктерімен тікелей байланысты. Бұл стандартқа сәйкес, өнім белгісі - өнімнің кез келген қасиеттері немесе күйлерінің сапалық және сандық сипаттамасы, ал өнім параметрі - өнімнің кез келген қасиеттері мен күйлерін сандық сипаттайтын өнім белгісі. Өнім көрсеткіші, белгісі мен параметрі, өнім сапасын бағалау үшін қолданылатын «өлшем» жалпы ұғымының формалары болып табылады. Өлшем – белгілі бір сапаны нақты санмен байланыстыру қажет болатын, сапалы және сандық жақтар бір-біріне сәйкес келетін, объектілердің сандық және сапалық жақтарының бірлігі.Өнім сапасының көрсеткіші (ӨСК) сапаның құрамына енетін белгілі бір қасиеттің көріну дәрежесін сандық сипаттайды, оның атауы сипатталатын қасиетті анықтайды, мысалы: өлшеу дәлдігі, жиіліктер диапазоны, беріктігі, өміршеңдігі, т.б. Сандық мәндер мөлшерлі (ұзындық, жылдамдық, масса, уақыт) және мөлшерсіз (ПӘК, бұйымның дайындалуы мен жөндеуге жарамдылығының коэффициенті, т.б.)Өнім қасиеттеріне байланысты, ӨСК-ін объективті әдістер мен құралдармен өлшенетін және өлшенбейтін деп тануға болады. Өнім қасиеттерінің сандық сипаттамасы болып табылатын ӨСК мен параметрінен өзгеше, өнім белгісі сапалық сипаттамаға ие болуы мүмкін. Сапалық сипаттамаларға: материал түсі, бұйым формасы, белгілі бір қасиеттердің бары жатады. Өнім сапасын басқаруда сапа мен сұрып категориялары сияқты сапалық сипаттамалар маңызды мәнге ие.ӨСК өнім сапасын бағалау мен жоспарлау үшін негіз болып табылады. Жоспарлар мен ғылыми-техникалық құжаттамаға енгізілуге жарамды көрсеткіштер саны құжаттың мақсаттары мен деңгейіне қарай әр түрлі болуы мүмкін. Стандарттарда өнім сапасын жалпы бағалаудың ӨСК саны шектеулі болуы тиіс: өнім сапасын жан-жақты суреттеу үшін қажетті құжаттар мен күрделі техникалық құрылғылар үшін құжаттарды ӨСК саны көп болуы мүмкін.Қасиеттер бойынша ӨСК үлкен саны мен түрлілігі әдістемелік реттеу мақсатында оларды топтауды қажет етеді.