ТМД сапа басқару ерекшеліктері
Сапа басқару –сапағс қойылатын талаптарға сай әдістер мен іс-әрекеттер жиынтығы.ҚР-да өнімнің сапа басқару-стандарттар мен сертификаттауға тікелей тәуелді. Сиандарттау мен сертификаттау-сапа басқарудың негізі болып табылады. Стандарттау-рациональды нормаларды табу оларды қолдану,қолдану тәртібі.,әдістемелерді ұйымдастыру,өнімді өндіруді талап ету бағытындағы нормативтік құжаттарда белгіленген нормативтік іс-әрекеттер.ҚР-да мемлекеттік стандарттау жүйесінің құрамына стандарттардың таралуы,жеткізілуі,негізгі шарттар,мемлекеттік стандарттарды жасау жүйесі,жасалу тәртібі,техникалықшарттардың тіркелуі және бекітілуі,мекеме стандарттары,жауапты шарттар,стандартттардың көркемделуі және мазмұны жатады. Сапаны басқару моделінің құрылымын үш құжаттық деңгейге бөлуге болады. Олар:
1. Сапаны басқару
2. Сапаны басқару процедуралары
3. Сапа бойынша жұмыс құжаттары.
Бір-бірімен байланысқан сапа жүйесінің компоненттеріне: Сапа жөніндегі басқарма,
Жұмыс ережелері жəне сапа бойынша есеп беру. Яғни, сапа жөніндегі басқармада жұмыс ережелеріне сілтеме болу керек, ал олар Сапа жөніндегі құжаттарға негізделеді.Сапа басқару жүйесін енгізудің ұтымды жақтары:
• Ішкі жəне сыртқы талаптарды тиімді қанағаттандыру;
• Бизнес – үрдістерді оңтайландыру;
•Түзету мен сақтандыру ісінің нəтижесі ретінде өнімнің өмірлік циклы бақыланып, кемшіліктер мен шығындарды болғызбау мүмкіндігі;
• Міндеттерді қызметкерлер арасында үлестіру мен олардың тиімді əрекет етуі;
• Кəсіпорынның нарықтағы жағдайын жақсарту, сыртқы нарықтарға шығу;
• Компания мен өнімнің беделі мен бейнесін жоғарылату;
• Өндіріс мəдениетін жетілдіру;
• Кəсіпорын шығынын төмендету мен ұтымдылығын көтеру;
• Ақпараттық жүйені жетілдіру
• Кəсіпорынның сапаға негізделген үрдістерінің бағдары;
• Компания тарапына шығын алып келу қаупін жою;
•Өнім мен қызмет түрлерін жеткізуге байланысты халықаралық тендерлерге, қатыстырылу мүмкіндігі;
• Тауарлар мен қызметті халықаралық мойындау.