Стандарттау және сертификаттау - өнім сапасын жоғарылату

Өнімнің сапасын басқарудың, сапасын көтерудің негізгі регламенті, негізгі тетігі ретінде стандарттау, сертификаттауды айтамыз.Заманауи жағдайларда сапа кәсіпорындар мен ұйымдардың жетістігінің маңызды факторлары болып табылады, бірақ қажетті сапаға жету бір минуттық процесс емес. Ол жүйелік әдісті талап етеді. Осы күрделі жұмыста отандық ұйымдарға Қазақстанның Госстандарты қолынан келгенше көмек көрсетеді. Стандарттау ­– нормативті құжаттармен бекітіледі. Өнімнің шығарылуына қойылатын талаптар. Стандарт - өнімге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат. Осы құжатты жасау, өндіру, пайдалану және стандарттаудың басқа да объектілеріне қойылатын талаптар туралы ережелер жиынтығы. Нормативтік-техникалық құжаттардың ішінде техникалық талаптар ерекше орын алады. Себебі, осы талаптарды жүзеге асырудың арқасында шығарылып жатқан өнімнің сапасы артады. Ал кез келген кәсіпорын өзінің өнімдерін шығаруда бұл талаптарға сәйкес етіп шығаруы керек.Сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттарында жинақталған. Халықаралық ИСО 9000 - сапа жүйесін дамытуға бағытталған стандарттау. Қазіргі кезде сапаны қамтамасыз ету стандарттаудың маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл халықаралық тауар айналысының ұлғаюымен, жаһандану саясатымен, әлемдік өнеркәсіп өндірісінің көлемдерімен, ғылым және техника жетістіктерінің адам іс әрекетінің барлық сферасына енуімен түсіндіріледі.Сапа жүйесінің сертификациясы кепілдік береді:
-компания жақсы ұйымдастырылған;
-процедуралар, әдістемелер, міндеттемелер жақсы бөлінген;
-компанияның барлық мүшелеріне мәлім оперативті инструкциялар бар;
-жақсы жолға қойылған бақылау құралдары бар;
-өзінің жұмысын сапалы орындауға қабілетті кәсіпқой және жақсы үйретілген персонал бар.