Қытай сапа басқару әдістері

Сапа басқару – өмірлік өнім этаптарының барлық циклдарын басқарудағы, сонымен қатар, сыртқы ортамен байланыстағы қызметі. Нәтижесінде, бүкіл әлемде жүздеген өнімнің сапа жүйесі өңделе бастаған. Олардың жалпы тапсырмасы бүкіл параметрлері бойынша тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін тауар шығару болып табылады. Алыс шет елдерде сапа менеджмент жүйесін шағын кәсіпорындарда кеңінен енгізеді. Мысалы, Қытайда ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес сертификаттар тіркелді, олардың көбі шағын кәсіпорындар: өндіріс, қызмет көрсету саласы, мемлекеттік және муниципальдық басқару органдары. Қытайда тіпті мектепке дейінгі мекемелерде де тіркелген сертификаттар бар.Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінде, әсіресе, Қытайда сапаға, оны басқаруға көп назар аударылады. Сонымен қатар, тұтынушыларды да сол сапаға сендіреді. Мемлекет экспорттың құылымдық және көлемдік көрсеткіштеріне ие. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықтардағы Қытайдың қолжазбаларында «сапа» иероглифі екі элементтен тұрған: тепе-теңдік және ақша. Оны ғалымдар «жоғарғыкласты», «қымбат» деген сөздермен теңестіреді. Бұрын Қытайда экономикалық позициясы нашар болған. Содан олар өзінің өнімінің сапасында зор алға басулар жасаған. Қытайлықтарға бұл тәжірибе тауардың экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Олар осындай тәсілмен өздерінің өнімінің сапа деңгейін көтере алды.Шығыс әдістемесі бойынша :
-Сапа ақаудың төменгі деңгейіне негізделеді;
-Бірінші мақсаты – сапа , пайда;
-Сапа жөніндегі сұрақтар бойынша сатып алушының талаптарымен келісу.
Сапаны басқару мәселесі бойынша американдық маман Дж. Харрингтон өзінің «американдық корпорацияларды сапаны басқару» акті кітабында «өнім сапасы - 80-90 жж. әлемдік нарықтағы күрестің негізгі өрісі және мұндағы жеңіліс құны экономикалық катастрофа» деп есептейді.