Өнімнің функционалды көрсеткіші
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Тауардың функционалды көрсеткіші заттардың тағайындалуына қажетті қанағаттандыру қабілетіне, қанағаттандыру құралына қызмет етуімен сәйкестігін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер мынаған бөлінеді: 1) негізгі функцияларды орындау; 2) әмбебап; 3) қосымша операцияларлды орындау. Негізгі функцияларды орындау көрсеткіштері тұтыну тиімділігінің пайдалылығы, тұтынушы мен өнімдерді пайдалануда нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруы сипатталады. Мысалы, тамақ өнімдерін тұтынумен алынатын пайдалы тиімділігі тамақ өнімдерінің құрамында бар,ақуыздардың, көмірсулардың тұтынуында түзілетін энергия мөлшерінен (кДж, ккал), сонымен қатар жеке заттардың сіңімділік коэффициентін есептей отырып, тамақ өнімдері және оның құрамының химиялық құрамын сапалылығымен өлшенеді. Кейбір азық-түлік тауарлары үшін негізгі функция эргономикалыққа, сипаттамаларға сәйкес келеді. Мысалы, дәлдік тауарлардың негізгі функциясы тамақпен бірге бір уақытта қабылданып толық сіңуге қабілетті.Әмбебап көрсеткіш.Тұтынушыға пайдалы берілген тамақ өнімдерінің , қосымша функциялардың болуын қолдану бойынша тағайындалу мүмкіншілігі және жағдайлары кең диапазонда сипатталады. Мысалы, қанттың сіңімділігі жақсы, тағамдық құндылығы жоғары, 100г өнімде 1650кДж ккалориялығы бар, дәмі тәтті, тағамға қантты қолданудан басқа кондитерлік, тәтті нан өнімдері мен сусындарға, жеміс-жидектерге және басқа да тағамдарға пайдаланады. Қосымша операцияларды орындау көрсеткіші. Тасымалдау, сақтау, жою және т.б. негізгі, қосымша функцияларды орындау мен қатар жүретін «адам-өнім-орта» жүйесіндегі этаптардағы өнімдердің функционирлеу ерекшеліктерін сипаттайды. Қосымша операцияларды орындау негізгі функцияларды орындауға әсер етеді және тұтынушының туынды емес уақыт шығындарын анықтайды. Мысалы, тұз тамаққа консервіленетін дәм бергіш зат ретінде қолданылады.Объекттің сапасының функционалды көрсеткіші берілген қажеттілікті қанағаттандыратын функционалды жарамдылығын анықтайтын қасиеттерін сипаттайды. Олар сапа көрсеткіштерінің келесі тобын біріктіреді:
-тағайындау;
-сенімділік;
-үнемділік;
-эргономикалық;
-эстетикалық;
-стандарттау мен унификаттау;
-патенттік-құқықтық.
Тағайындау көрсеткіші объекттерді арналған және пайдаланылған саласы бойынша қолданудағы пайдалы әсерін көрсетеді. Олар объекттің техникалық маңызын, техникалық жетілуін, құрамын, құрылымын сипаттайды. Сенімділік көрсеткіші объекттің қойылған мақсатты берілген уақыт (мерзімі) аралығында орындау қабілетін сипаттайды. Эксплуатацияның шарттары мен арналуына байланысты сенімділік әр түрлі көрсеткіштермен сипатталады. Сондай көрсеткіштерге жөндеуге жарамдылық, ұзақ өмірлік, техникалық қор, қызмет мерзімі, қабыл алмаудың қарқындылығы жатады.Экономикалық көрсеткіштер объекттің өндірісі мен жобалауына кеткен шығындарды сипаттайды, эксплуатациядағы экономикалық эффективтілікті анықтайды.Эргономды көрсеткіштері оның «адам-объект-орта» жүйесіндегі адамның өндірістік және тұрмыстық жағдайларын қолдануға икемделушілігін сипаттайды.
Объекттің эстетикалық көрсеткіштері оның адамға эстетикалық әсерін сипаттайды және эстетикалық құндылықтың сандық пен сапалық бағасына арналған . Олар объекттің көркемдік, айқындық және түпнұсқалық пішінін, конструкцияның бүтіндігі мен үйлесімдігін сипаттайды.Стандарттау және унификаттау көрсеткіштері стандартталған және унификатталған элементтердің бұйымының конструкциясындағы қолдану дәрежесін көрсетеді. Сонымен қатар, бұйымдардағы объектті құраушылар мынадай болуы мүмкін:
-стандарттық, олар халықаралық, жергілікті және ұлттық стандарттардың негізінде құрылған;
-унификацияланған, олар фирманың стандарттарына негізделіп құрылады;
-түпнұсқалық – бір ғана бұйымға арналып құрылған;
-шеттен алып пайдаланған (кірме құраушы), нақты бұйымға арналған және екі немесе одан да көп бұйымдарда қолданылады.