Сапа басқарудың шетелдік тәжірибелерінің ерекшеліктері.
Жапонияда өнімнің сапасын басқару саласының формалары мен әдістері жасалынған, олардың АҚШ пен Батыс Европадан көптеген айырмашылығы бар. Олардың ерекшеліктері компаниялар мен тасымалдаушылардың арасындағы сапалы өнімнің шығарылымы үшін жауапкершілік, сапаны ұзақ мерзімге жоспарлау, жаңалықтармен алмасу, өнімнің сапасын басқару саласында мамандар дайындау, стандарттау, есептеуіш техниканы қолдану, сапа белгісін алуын аттестациялау.Өткен ғасырдың 40-жылының соңы мен 50- жылының басында жапондық мамандар беделді американдық ғалымдар Э.Деминг пен Дж.Джураннан сапаны басқару бойынша білімдерін жетілдірді. Ол білімдерін Жапонияның өнеркәсібінде табысты қолдана бастады.Технологиялық прогрестерді басқару үшін бақылаулық карталар белсенді қолданылды. Э.Демингтің лекциялар кітабынан түскен авторлық төлемақы оның есімімен аталған сыйлықты тағайындау үшін пайдаланылған. Э.Демингтің алтын медальдары 1951 жылдан бастап жеке тұлғалар мен бүтін кәсіпорындар үшін беріледі. Жапонияның алдыңғы қатарлы фирмаларында толық және кезегімен атты тәсілі және сапаны басқарудың жүйелік принциптері енгізілген. Мұндай фирмалардың тәжірибелері түпкілікті оқып танылды, сараптама жасалынды және оларды АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қолдануға әрекет жасалынды.Жапониялық сапаны басқару тәсілінің бірқатар ерекше қасиеттері бар деп саналғанымен, салыстырмалы сараптама көрсеткендей теориялық жағдайы өте ұқсас және интернационалды болып келеді. Жапондық сапаны басқару тәсілінің айрықша элементтері:
-Процестің тұрақты дамуына бейімделу және барлық бөлімшелерде еңбек нәтижелеріне жету;
-Өнімнің сапасына емес процестің сапасының бақылануына бейімделу;
-Ақаулардың пайда болмауын қадағалауға бейімделу;
-Түпкілікті зерттеу және қазіргі операциядан келесі операцияға дейінгі жүретін принцип бойынша туындаған мәселелерді сараптау;
-“Сенің тұтынушың келесі өнеркәсіптік іс-әрекетті жүзеге асырушы” атты приципті дамыту;
-Еңбек нәтижесінің сапасына жауапкершілікті тікелей атқарушыға жүктеу;
-Адам факторын белсенді түрде қолдану және жұмысшылар мен қызметкерлердің шығармашылық потенциалын дамыту, “дені сау адамға жұмысты нашар істеу ұят“ деген моральды санаға сіңіру.Жапондық мамандар “сапа – кәсіпорын тағдырын белгілейді“, “сапа туралы минут сайын ойла“ атты ұрандармен жұмыс істейді. Осындай ұрандар кәсіпорын жұмысына қарқын береді деп ойлайды. Жапондық кәсіпорындарда (“бес ноль“ деп аталатын) сапаландыруға қатысу мүмкіндігін беретін бағдарлама жасалынған. Ол мынадай қысқаша ережелерден тұрады:
-ақаудың пайда болуына жол бермеу;
-ақауы бар өнімді келесі кезеңге өткізбеу;
-ақауы бар өнімді алдыңғы кезеңнен қабылдамау;
-технологиялық режимді өзгертпеу;
-қателерді қайталамау.
Бұл ережелер өнімді дайындау мен өнімді өндіру кезеңдерінде бөлшектеніп әрбір жұмысшыға жеткізілген. Осыған орай Жапониядағы сапаға қатысты ең басты мәселелерді былай бөлуге болады:
-Басқару мен техника саласындағы ғылыми жаңалықтарды кеңінен қолдану.
-Басқару және сараптау мен өнімді бақылаудың жоғарғы деңгейде компъютерлендірілуі.
-Адам мүмкіншіліктерін жоғарғы деңгейде қолдану. Бұл үшін шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады, мысалы: өздерінің Отандық фирмаға деген патриоттығын арттыру, персоналды жүйелі түрде оқыту, үйрету.
Өнімнің сапасын басқаруының шетелдік көптеген әдістері өнімнің түрлеріне байланысты әр салада қолданыс табуда. Мысалы, өнімнің сапасын басқаруының Ресейдегі тәжірибелері. Жапонияның сапа басқару тәжірибесі. Өнімнің сапасын басқаруының Еуропа, АҚШ, Корея,т.б. тәжірибелері. Өнімнің сапасын басқаруының осындай алуан түрлі тәжірибелері бар. Қосымша әртүрлі елдерде өнімнің сапасын басқару тәжірибелері қарастырылады. Мысалы: Ресей, Қытай, Корея, Еуропа, АҚШ және т.б.