Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі. Жалпы мағлұмат.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - белгілі бір уақыт мезетінде нарықтағы сәтті сатылу мүмкіндігі. Егер өнім сатып алушыға нақтыланып жасалатын болса, ол өнім бәсекеге қабілетті деп саналады.Өнім жоғарғы технологияда жасалса да, дайындаушы оны жоғары бағаласа да ол өнім сапалы болып саналмайды, бәсекеге қабілетсіз. Бәсекеге қабілеттілігін бірнеше факторларға бөлеміз:
-Сапасына
-Жаңалығына
-Төлем жағдайына
-Салық мөлшеріне
-Техникалық қызмет көрсету деңгейіне
-Тауарды жеткізу мерзіміне
-Жарнамалануына
-Шығарылған шығындардың ұйымдастырылуына
-Халықтың төлем қабілеттілігі.
Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін бағалау. Бірнеше факторларды зерттеуді қажет етеді.
-Ішкі және сыртқы нарық талаптары және онда сатылатын бұйымдардың сапасына.
-Ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнімдерді жасау және бағыттары
-Сатуға арналған өнімдердің бағасы. Өнімді аттестаттау және сертификаттау мүмкіндігі.
1) Тұтынушыға ұсынылатын әсіресе шетелдік өнімдерді жарнамалау сапасы және деңгейі.Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бірнеше әдістері бар. Мысалы: 1) бағалық, 2) салыстырмалы құн, 3) салыстырмалы пайдасы.Бағалық әдіс – сатылу бағасы, дизайны, сапасы.
Салыстырмалы құн – еңбек өнімділігінің салыстырмалы құны.Салыстырмалы пайдалық – өндірістің пайдасының нормасын білдіреді.