Өнімнің экологиялық көрсеткіштері
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Тауардың қоршаған ортаға зиянды әсерін көрсетпеу қасиеті. Экологиялық көрсеткіште тауарды тұтынуда пайда болатын қоршаған табиғи ортаға зияндылықтың әсер деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткіштерге қоршаған ортаға тасталатын (мысалы, буға айналатын алколоид никотині бар темекі) зиянды қоспалар, газдардың зиянды бөлшектері тауарларды сақтағанда, өткізуде пайда болатын сәулелер жатады. Өнім сапасының экологиялық көрсеткіштері өнімді тұтыну мен экспллуатация кезінде сыртқы ортаға зиянды әсер ету деңгейін анықтаушы өнім ерекшелігін сипаттайды. Экологиялық көрсеткіштерге әдетте:
-Өнімді эксплуатациялау, транспортировкалау, сақтау кезіндегі қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттардың құрылымы;
-Зиянды қалдықтардың сыртқа тасталу ықтималдылығы;
-Өнімді эксплуатациялау, транспортировкалау, сақтау кезіндегі зиянды сәулелендіру ықтималдылығы;
-Адамға кері әсер ететін шу мен вибрациядан пайда болатын өнім деңгейі.
Көрсетілген көрсеткіштер көп жағдайда өлшенуі және есептелінілуі мүмкін, ол бойынша ақпарат жүйелендіріледі, жиналады, жіберілетін деңгейдің шегін анықтайтын таблицалар мен диаграммалар түрінде көрсетіледі. Тәжірибеде адамға және қоршаған ортаға зиянды әсерлерден қорғалғандығын бағалау үшін осындай көрсеткіштердің мәні туралы сандық мәліметтердің жоқтығында, экологиялық жағдайды жанама бағалау үшін сапалық сипаттамалар, мысалы, тазалағыш құрылғылардың, қорғағыш экрандардың, тежегіштердің, шаң сорғыштардың пайдаланылуы мүмкін. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі және оның сапасын бағалаудағы экологиялық көрсеткіштерді тіркеудің қажеттілігін негіздеуге оларға эксплуатация және сынаулар кезінде бағалау деңгейін анықтау жүргізіледі.Қоршаған орта мен адам денсаулығын күзетуге арналған шарттар мен нормалар стандарттармен, ережелермен, қоғамдық және меелекеттік ұйымдармен, халықаралық кеңеспен, халықаралық экологиялық регламенттермен және нормалармен анықталады.