ИСО 9000:2000 стандарты бойынша «Сапа басқару».
Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.
2000ж. ИСО 9000 сериялы стандарттар қайта қаралды, соның нәтижесінде оған келесі стандарттар енді:
-ИСО 9000:2000. Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі жағдайлар және сөздік;
-ИСО 9001:2000. Сапа менеджмент жүйелері. Талаптар;
-ИСО 9004:2000. Сапа менеджмент жүйелері. Қызметті жақсарту бойынша нұсқаулар.
ИСО 9000:2000 сериялы стандарт, сапа саласындағы мақсаттарға жету үшін, кәсіпорын мен өнім өндіру процесін басқарудың 7 принципін белгілейді:
1.Кәсіпорынның бүкіл қызметі клиентке бағытталуы керек;
2.Қызметкерлерді қатыстыру және уәждеме;
3.Өндірістік қызметтің барлық түрлерін үдерісті көрсетуге негізделген басқарудағы тәсілдеме;
4.Басқарудағыжүйелітәсілдеме;
5. Сапа менеджмент жүйесін үздіксіз жетілдіру.
6. Барлық басқарушылық шешімдер расталған нақты мәліметтерге негізделуі қажет;
7. Жеткізіп тұрушымен өзаратиімді қатынастар орнату.
Сапаменеджментжүйесінемыналаркіреді:
-сапанықамтамасызетужәнебақылау;
- сапаны жоспарлау және жетілдіру.
ИСО 9001:2000 мен ИСО 9004:2000 стандарттары бірге, бірақ әр түрлі мақсатпен қолдануға болатындай жасалған. Берілген екі стандарт тәуелсіз болып келеді, бірақ оларды бірге қолдану стандарттардың ең жақсы қолданысына және сапа менеджмент жүйесін ынталандыруға мүмкіндік береді.
2000 сериялы стандарттарда қызметтегі үдерісті тәсілдеме қабылданды, оның мәні мынада:
- клиент көзқарасы бойынша ұйым ішіндегі қызметті қарастыру;
-«жоғарыдантөменге»тәсілдемесі;
- кәсіпорын бөлімшелері қызметтері арасындағы клиент көзқарасы бойынша оңтайлы түйісулерді қамтамасыз ету;
- белгілі бір ресурстарды шығындай отырып, процесс операцияларын орындау нәтижесінде кіріс мәліметтерін шығыс мәліметтерімен алмастыру.
Ұйымның конфигурациясы «процестердің иерархиялық құрылымы» арқылы келесі түрде көрсетіледі:
-стратегиялықпроцестер;
- негізгі процестер;
- процестер;
- тапсырмалар.
2000 сериялы стандарттар сапа менеджмент жүйесін бағалаудың белгілі бір тәртібін белгілейді, сапа менеджмент жүйесіне талаптар келтіреді, олар ұйымға мыналар үшін қажет:
- өз мүмкіндігін көрсету, клиенттердің талаптарына да, нормативті талаптарға да сәкес келетін өнімді үздіксіз жеткізу;
- сапа менеджмент жүйесінің үздіксіз жетілдіру процестері мен клиенттер талаптарына да, нормативті талаптарға да сәйкестікті қамтамасыз етумен қоса, сапа менеджмент жүйесін тиімді қолдану арқылы клиенттердің қанағаттану дәрежесін арттыру.
Бұл стандарттардың арнайы талаптары жалпылама сипатқа ие және түріне, өлшеміне және жеткізетін өніміне тәуелсіз түрде барлық ұйымдар үшін қолдануға жарамды болып табылады.