Өнімнің экономикалық көрсеткішері
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Экономикалық көрсеткіштер – бұйымды дайындау мен эксплуатациялауға кеткен материалдық, жанармай-энергетикалық және еңбек ресурстары шығындарының деңгейі бойынша бұйымның жетілдірігін анықтайды. Олардың құрамына: бірлік өнімнің немесе жұмыстың өзіндік құны, эксплуатациялық шығындардың жеке салалары (қызмет көрсету бойынша қызметкерлердің еңбек ақысы, пайдаланатын электрэнергиясының құны, т.б.) кіреді. Бұл көрсеткіштерді қолдану өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде, әзірлеу, дайындау, өңдеу, эксплуатациялау мен қолдану, жөндеу кезеңдерімен қоса есептегенде, өнімнің экономикалық бағасын беруге мүмкіндік береді. Өнім сапасын жоспарлау мен бағалау кезінде жиі қолданылатындарға жататындар: - өнімнің өзіндік құны;
- өнім бағасы;
- бірлік өнімге келетін шығындар;
- негізгі үлгінің шығындарының бағаланатын өнімнің сәйкес шығындарына қатынасымен анықталатын өнім сапасының салыстырмалы экономикалық көрсеткіш.
Экономикалық көрсеткіштер көрсеткіштердің барлық сыныптамалық топтарымен тығыз байланысты. Сондықтан, экономикалық көрсеткіштер көмегімен сапа деңгейін бағалау кезінде әзірлеу, дайындау мен эксплуатациялауға кеткен шығындарды ғана емес, сонымен бірге бұйымны басқа да қасиеттерін (мысалы, өнімнің жөндеуге жарамдылығы, оның технологиялылығы, стандарттау мен унификациялау деңгейі, патенттік тазалығы) көрсетуге болады.