Сапа басқарудағы халықаралық стандарттар.

Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.Халықаралық стандарттар маңызды нормативті актілер болып табылады, себебі олар халықаралық саудада кедергілерді жойып, өнім мен қызмет көрсетулердің қазіргі заманғы техникалық деңгейін орнатады, өзінде халықаралық ғылыми-техникалық тәжірибе жинақтайды. Халықаралық стандарттар келесі принциптерге негізделген:
- стандарттар өнеркәсіптің барлық салаларына таралу керек;
- стандарттарды жасау кезінде консенсуас принципі қолданылу керек;
- халықаралық стандарттар ерікті болуы керек;
- мұндай стандарттар халықаралық көзқарасты көрсетеді.
Көптеген халықаралық стандарттардың жасалуын ИСО мен МЭК жүзеге асырады.
Халықаралық стандартты жасау 5 кезеңнен тұрады: 1. жаңа жұмыс жобасы бойынша ұсыныс (ұсыныс сатысы); 2. жұмыс жобасы (дайындау сатысы); 3. техникалық комитет жобасы (комитет сатысы); 4. халықаралық стандарт жобасы (бекіту сатысы); 5. халықаралық стандарт (жариялау сатысы).ИСО шешіміне сәйкес, халықаралық стандарттар 8 топқа бөлінеді: 1. Негізге алынатын стандарт – таралудың кең аумағына ие болатын немесе белгілі бір аумақ үшін жалпы жағдайларды енгізетін стандарт. 2. Терминдер мен анықтамалар стандарты (терминологиялық стандарт) – анықтамалар, ал кейбір жағдайларда – қосымшалар, суреттер, мысалдармен, т.б. берілетін терминдерге таралатын стандарт. 3. Сынақ әдістерінің стандарты – кейде басқа жағдайлармен толықтырылатын сынақ әдістерін орнататын стандарт. 4. Өнімге берілетін стандарт - өнімнің өзінің тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өнім немесе өнімдер тобының қанағаттандыруы қажет талаптарын орнататын стандарт. 5. Процеске берілетін стандарт – процестің өзінің тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін процестің қанағаттандыруы қажет талаптарын орнататын стандарт. 6. Қызмет көрсетуге берілетін стандарт – қызмет көрсетудің тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетудің қанағаттандыруы қажет талаптарын орнататын стандарт. 7. Үйлесімділікке стандарт - өнім немесе жүйенің олардың буындасу жерлеріндегі үйлесімділік бөлігіндегі талаптарды орнататын стандарт. 8. Ашық мәнді стандарт (идентификацияланбаған стандарт) - өнім, процесс, қызмет көрсетуді нақтылау үшін мәндер немесе басқа да мәліметтер көрсетілуін қажет ететін сипаттамалар тізімі бар стандарт.
9000 сериялы халықаралық стандарттардың пайда болуы сапа жүйесі дамуының логикалық салдары болды. ИСО 9000 стандарттарының жасалуы сапа саласындағы алдыңғы қатарлы мамандардың қатысуымен сапа басқару бойынша шығарылған ұлттық стандарттардың негізінде жүргізілді.1987 ж. шыққан алғашқы басылымда ИСО 9000 сериясына 5 стандарт енген. ИСО 9000 стандарты – сапаны жалпы басқару мен сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар. Таңдау мен қолдану бойынша нұсқаулар. Стандарттың кіріспе бөлімі, негізгі терминдер анықтамасы, сапаны басқару мен қамтамасыз ету саясатын іске асыру принциптері болады. Әр түрлі өндіріс процестері үшін сапа жүйелерінің модельдері бар үш стандарт: - ИСО 9001 стандарты – жобалау немесе жасау, өндіру, монтаждау және қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз ету үшін арналған модель. - ИСО 9002 стандарты - өндіріс пен монтаждау кезінде сапаны қамтамасыз ету үшін арналған модель. – ИСО 9003 стандарты – соңғы бақылау мен сынау кезінде сапаны қамтамасыз ету үшін арналған модель. ИСО 9004 стандарты – сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері.