Өнімнің қор жинағының көрсеткіштері
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Қор жинағының көрсеткіші- бұл сапаны салыстырмалы бағалау кезіндегі бастапқы етіп алынған өнім сапасының көрсеткіші.Оның хаттамалау, қамтамасыз ету және сапасын жүзеге асыру үшін объекті құру мен қолдану кезіндегі шығындалатын қорлардың дәрежесін анықтайтын қасиеттерін сипаттайды. Бұл көрсеткіштер технологиялық және қорды қолдау көрсеткіштеріне бөлінеді.Технологиялық көрсеткіштері-объектілерді құру және қайта жаңғырту кезінде еңбек өндірісін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық мәселелердің эффективтілігін сипаттайды.Объекттің қорды қолдану көрсеткіштері-материалдар, отын, энергия, еңбек және уақыттың шығындарын сипаттайды.Бұл көрсеткіш сапаны салыстырмалы бағалау кезіндегі бастапқы етіп алынған өнім сапасының көрсеткіші.Қор көрсеткіші ретінде алынуы мүмкін:
-Елімізде немесе шет елде жасалған өнімнің кейбір озық үлгілерінің сапа көрсеткіштері;
-Кейбір алдыңғы уақыт аралығында жеткен сапа көрсеткіштері;
-Тәжірибелі немесе теориялық жолмен табылған перспективті үлгілердің көрсеткіштері;
-Өнімге қойылған талаптарда берілген сапа көрсеткіштері
Қор жинақтаушы көрсеткіштер немесе өнімді эксплуотациялау кезіндегі материалды және энергетикалық ресурстарды экономды пайдалану көрсеткіші өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіш көбіне техникалық жүйелер мен бұйымдарға тиесілі, бірақ кейде оны кейбір бір рет қана қолданылатын өнімдерге қолданады (оларға тез дайындалатын тағам өнімдерін айтуға болады). Қор жинақтаушы көрсеткіштер өнімнің материалдар мен ресурстардың экономды пайдалану деңгейі мен дәрежесін сипаттайды, екі түрге бөлінеді:
-Материалдық ресурстардың экономды қолданылу көрсеткіші, яғни,
бұйымды эксплуатациялау кезінде қолданылатын шикізат пен материал, мысалы: шикізаттың, материалдың меншікті шығыны, регламенттелген шарттармен бұйымды эксплуатациялау кезіндегі материалдар мен шикізат шығыны;
-Энергияқолданудағы экономдылық көрсеткіші, мысалыға:жанармайдың меншікті шығымы, энергия (энерготасушының), пайдалы әсер коэффициенті, регламенттелген режимде бұйымды эксплуатациялау кезіндегі энергия (энерготасушының).Қор жинақтау көрсеткіштер материалдар мен энергиялық ресурстарды ғана емес, сонымен қатар, өнімді өндіру және дайындау кезіндегі шығындарды да қарастыруы керек, себебі, бұл өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасына әсер етеді.