Өнімнің құқықтық-патент көрсеткіштері
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Өнімдерді тек ел ішінде ғана емес шетелдерде де мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді. Табиғи тамақ өнімдері патенттелмейді. Өнім сапасының құқықтық‑патенттік көрсеткіштері бұйымның патенттік тазалығы мен патенттік қорғауды ҚР да және шетелде сипатталады. Бұл халықаралық сауда арақатынасында және жоғарыэкономикалық байланыстардағы кең дамуда маңызды болып табылады.Патенттік қорғау көрсеткіші отандық бұйымдарға лицензия сату немесе экспорт болжанатын елдерде ҚР дағы патенттердің өнімге көрсетілген қорғау деңгейін анықтайды. Ол ҚР да және шетелде қолдауға ие болған бұйымға берілген отандық техникалық шешімдерді сынауға мүмкіндік береді.Патенттік тазалық көрсеткіші тек мемлекет ішінде қолданатын өнімге айналу деңгейін көрсетеді. Олар техникалық шешім үшін мемлекетте қолданатын патенттік құқықтарға кірмейтін, ал бұйымдар үшін шетелде іске асатын экспорт болжалатын мемлекеттермен берілген патенттерге қолданбайтын техникалық шешімдер үшін қолданады. Бұл көрсеткіштер ҚР да және шетелде бұйымдардың келтірілген заңдық санкцияларға бағынбай іске асуын көрсетеді.Бұйымның патенттік тазалығы мен қорғалу көрсеткіштерін анықтау тек ғылыми техникалық және бағдарламалық бұйымға таралатын мемлекеттік және ведомоствалық нормативті құжаттармен регламенттелед, ал экономика, ұйым және өндірісті жоспарлау облысындағы ойлар, прициптер, әдістер мен әдістемелер, ұйымдарды және кәсіпорындарды басқару қорғауға қабілетсіз болып табылады және патенттік қорғау мен патенттік тазалықты бағалауға жатпайды.
S – бұйымдағы құраушы бөліктерінің мәнді тобындағы саны;
n бұйымдағы өте маңызды элементтер саны;
mj ‑ өте маңызды элементтердің индивидуал коэффициеттері;
Nio – i‑ топта бұйым элементтеріндегі жалпы саны;
Ni ‑ i‑ топта экспортқа болжанатын мемлекеттердегі патенттерден қорғалған элементтердің жалпы саны;
Nin – берілген мемлекеттегі патент ішіне кіретін топтағы бұйымды құраушы бөлігінің саны;
nn – патенттік тазалыққа ие бұйымдағы ең маңызды элементтердің саны;
mi – негізгі немесе көмекші топтың салмақтылық коэффициенті;
ҚР дағы және шетелдегі бұйымның патенттік қорғау көрсеткіші:
ал патентті тазалық көрсеткіші
Патенттік қорғау және патенттік тазалық көрсеткіші тек өнім сапасын бағалауға ғана емес, шетелде сатылуы үшін сертификаттау үшін де қолданылады.