Сапа бойынша жалпы әдістер
Сапа-бұл талаптардың жеке сипаттамасының жиынтығын орындайтын дәреже.
Сапа техникалық, экономикалық, социалды-психологиялық өзгешеліктердің көптеген әр түрлі факторларына тәуелді. Әр түрлі фирмалар мен кәсіпорындар сапаны жақсарту үшін әдістердің үлкен арсеналын қолданады.Бұл әдістер шартты түрде 3-ке бөлінуі мүмкін:
1.Сапаны қамтамасыз ету әдістері
2.Сапа дамуын тездету әдістері
3.Сапа жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін бақылау әдістері
Сапаны қамтамасыз ету әдістеріне, өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдеріндегі процестерді талдау мен реттеу үшін, сонымен бірге сипаттамаларды өңдеу үшін қолданылатын инженерлі-математикалық әдістер жатады.Ынталандыру әдістеріне қарапайым уәждеме (мотивация) әдістерімен қоса, сапаны жақсарутуға арнайы жасалған әдістер (елдерде және әлемдік шеңберде жүргізілетін сапа науқандары, сапа бойынша ұлттық сыйлықақылар, т.б.) жатады.Бақылау әдістеріне өнім сапасын бағалау әдістері жатады: экономикалық көрсеткіштерді талдау, өнім мен сапа жүйесінің құжатамасын тексеру. Бұдан басқа, бұл топқа жеке өнімнің сапасын бақылау да жатады. Әр түрлі әдістер бір мезгілде әр түрлі топтардың құрамына енуі мүмкін. Сапа үйірмелері сияқты жұмыс әдісі бір мезгілде сапа мәселелерін шешуге мүмкіндік береді және фирма қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін ынталандырудың құралы болып табылады.Статистикалық әдістер сапаны бақылау әдістері ретінде де, сапаны қамтамасыз ету әдістері ретінде де қызмет етеді. Өзіндік бақылау әдісі.Әдеттегі сапа бақылау әдісі теріс кемшіліктерге ие, соны ішінде:
-Сапаны көтермейді,тек нашар бұйымдарды жақсысынан ажыратуға негізделеген;
-Бағалылығын көтеруге мүмкіндік туғызбайды, әйтседе шығындарды көбейтеді;
-Процесстер сенімді орналаспаған жерлерде керек болады;
-Бұйымдардың,процесстердің және жұмыс әдістерінің таралуын қамтамасыз етпейді.
Келтірілген кемшіліктерден шығатын қорытынды сапа бақылаумен дәлелденбеу керек,ол өнімнің өзінде болуы керек.Сапаны жалпыға ортақ басқару принциптеріне көшу өндірістік өзара басқаша қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді.