Өнімнің сенімділік көрсеткіші
Өнімнің сапа көрсеткіштері- өнімнің сапасын құрайтын бір не бірнеше өнім қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы.Өнімнің сапасы мен бәсекегеқабілеттілігін анықтауда сенімділік көрсеткіштері маңызды рөл атқарады, себебі мүлтіксіз бұйым, сенімділіктің қажетті деңгейіне ие болмаса, сенімділік көрсеткіштері мәндері бойынша белгіленген функцияларды атқара алмайды. Сенімділік пен техникалық қызмет сақтауда ж-е тасымалдауда берілген мерзімде талап етілетін функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын уақыты мен орнатылған барлық параметрлерді сақтайтын объектілердің қасиеттерімен түсіндіріледі. Өнімді сенімділік көрсеткіші нормативті-техникалық құжатта бекітілген қатаң анықталған температуралық ж-е ылғалдылық мерзімінің анықталған уақыт бойы дайындалуымен кепілденетін сақтағыштығы бол.таб. ал стандартталмаған өнімдер үшін сапаның сақталу қасиеті ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген санитарлық нормалармен,ережелермен сәйкес орнатылады. Сенімділік көрсеткіштеріне жататындар:
Ұзақтығы-техникалық қызметтің ж-е жөндеудің орнатылған уақыты не шектелген жағдайы пайда болуға дейін тауардың жұмыс қабілетін сақтай алу қабілеті.
Қарсылық көрсетпеу-тұтынушыда пайда болатын қауіпті ж-е зиянды факторлардың әсерінен адамды ж-е қоршаған ортаны қорғау деңгейін сипаттайды. Жөндеуге жарамдылығы- анықталған мерзімде ешқандай шығынсыз тауарлардың өзіндік сапалы ж-е сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті
Сақтағыштығы- белгілі мерзімде шығынсыз тауардың өзіндік сапалы ж-е сандық сипаттамаларын сақтау қабілеті.
Сенімділік – объектінің, қолдану, қызмет көрсету, жөндеу мен тасымалдаудың белгіленген режимдері мен жағдайларында қажетті функцияларды орындау мүмкіндігін сипаттайтын барлық параметрлерінің маңыздылығының белгіленген шектерінде, қасиетін сақтау қасиеті. Сенімділік күрделі қасиет болып табылады, объекті мен шарттардың тағайындалуына байланысты оның қолданысы келесі қасиеттердің үйлесімділігінен тұрады: мүлтіксіздік, өміршеңдік, жөндеуге жарамдылық, сақталымы.Нақты объектілер мен оларды эксплуатациялау жағадайлары үшін бұл қасиеттер әр түрлі салыстырмалы мәнге ие болады.Мүлтіксіздік – объектінің белгілі бір уақыт ішінде немесе белгілі бір атқарым ішінде жұмысқақабілетті күйін үздіксіз сақтау қабілеті.Өміршеңдік – объектінің, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің орнатылған жүйесі кезінде шектік күйдің орнауына дейінгі жұмысқа қабілетті күйін сақтау қабілеті.Жөндеугежарамдылық – бүлінулер мен зақымданулардың туу себептерін анықтауға, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жолымен жұмысқақабілетті күйін сақтау мен қалыпқа келтіруге бейімділігінен көрінетін объектінің қасиеті.Сақталымы – объектінің сақтау немесе тасымалдау мерзімінде мүлтіксіздік, өміршеңдік пен жөндеугежарамдылық көрсеткіштерінің маңыздылығын сақтау қасиеті.