Өнімнің сапасын басқарудың статистикалық әдістері.

Өнім- процестің не қызметтің нәтижесі. Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер.Статистикалық әдістер сапаны пайдалы басқарудың маңызды шарты деп танылады. Статистикалылыққа негізделген әдістер бұйымдардың өмір сүру циклінің барлық кезеңдерінде қолданылады, көбінесе келесе әдістер қолданылады: гистограммалар, уақыт тізбектері, Парето диаграммалары, себеп-салдарлық диаграммалар, бақылау қағаздары, бақылау карталары, таралу диаграммалары. Бұл әдістер «сапаның 7 құралы» атына ие болды.Гистограммалар бұйым параметрлері жөніндегі мәліметтердің таралуын баған түріндегі график арқылы көрсету қажеттігі бар кезде қолданылады. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикадағы гистограмманың аналогы болып қандай да бір оқиғаның пайда болу жиілігін көрсететін ықтималдық тығыздығының функциясы қызмет етеді. Гистограмма көмегімен бұйымның өлшенетін параметрлерінің категориялануы жөнінде ақпарат алуға, орта мәнмен салыстырғандағы мәліметтерді шашу симметриясының дәрежесін бағалауға, аппроксимириялық теориялық үлестіруді таңдауға болады.Уақыт тізбектері уақыттың нақты мерзімі ішінде бақыланатын оқиға жүрісінің өзгерісін бағалау үшін қолданылады. Мұндай қатарлар үлкен көрнекілікке ие, құрастыру мен пайдалану жағынан өте қарапайым болады. Сызықтық график түрінде құрастырылған қисық, процестің уақыт жүрісін суреттейді және сол процестің елеулі ауытқуларын, мысалға, орта мәннен немесе ұйғарынды шектен ауытқуларын, анықтауға мүмкіндік береді.Парето диаграммасы-мәселені шешу үшін жөнелтім нүктесін таңдау мақсатында, барлық мәселелер немесе шарттардың салыстырмалы маңыздылығын көрсету қажет болған жағдайларда қолданылады. Парето диаграммасы, қарастырылатын мәселелер мен олардың шешу тәртібін анықтайтын вертикаль баған графигін көрсетеді. Мұндай диаграммаларды құрастыру маңызды мәселелерге көңіл аударуға көмектеседі. Диаграмманы құрастыру тәртібі келесі кезеңдерден тұрады: - салыстырмалы мәселелерді таңдау; - өлшем бірліктерін салыстыру үшін белгілерді анықтау; - зерттеу үшін уақыт периодын таңдау; - мәліметтерді категориялар бойынша топтастыру және әр топ белгілерін салыстыру; - категорияларды горизонталь осьте белгі мәнінің кемуі тәртібімен солдан оңға қарай санау.Себеп-салдар диаграммасы барлық мүмкін себептер немесе шарттарды зерттеу мен талдау үшін қолданылады. Мұндай диаграмма салдар, нәтиже және соларға әсер ететін барлық мүмкін себептер арасындағы қатынастарды көрсету мақсатында құрастырылған. Салдар, нәтиже немесе мәселе көбінесе сызбаның оң жағында, ал басты әсер етулер (себептер) – сол жағында көрсетіледі.Балық қаңқасына ұқсас болғандықтан, мұндай диаграмма сонымен бірге «балық қаңқасы» атына ие болды және К.Исикава диаграммасы деп, оны құрастырған жапондық ғалымның құрметіне аталды.
Себеп-салдар диаграммасын құрастыру тәртібі қадамдардың келесі тізбегінен тұрады: - таңдалған мәселені суреттеу (оның ерекшеліктері, туындау себептері, мәселенің көрінісі); - диграмманы құрастыру үшін қажетті себептерді анықтау; - диаграмманы құрастыру; - диаграммадағы алынған өзара байланыстарды талдау.
Бақылау қағаздары (тексеру кестелері) бақылаулардың іріктемелерін зерттеу мақсатында мәліметтерді жинау үшін қолданылады. Бақылау қағазын құрастыру келесі қадамдардан тұрады: - бақыланатын оқиғаны бекіту; - мәліметтер жиналатын периодты таңдау; - ақаулар жөніндегі бақыланатын мәліметтер енгізілетін кесте құрастыру.Бақылау карталары белгіленген жоғарғы және төменгі шектері бар графикке енгізілген уақыт тізбектерін көрсетеді. Графикте өтетін процесті түсінуге мүмкіндік беретін үш сызық салынған. Бұл горизонталь сызықтар жоғарғы бақылау шегі(ЖБШ), орталық сызық(ОС) және төменгі бақылау шегі(ТБШ) деп аталады. Бұл сызықтардың көмегімен келесі тәуелділіктерді бақылауға болады: - егер тәжірибе нүктелерінің өте көп саны ЖБШ-нен жоғары орналасқан болса, бұл процесте келісімсіз нәрселер болып жатқанын айтады; - егер тәжірибе нүктелерінің тізбегі ОС пен ЖБШ (немесе ОС пен ТБШ) аралығында орналасса, процеске араласу қажет; - егер тәжірибе нүктелерінің тізбегі ЖБШ-не қарай арту үрдісіне ие болса, процестің өтуі күрделенді деген сөз. Бақылау карталарының екі түрі болады: біреулері процестің орта көрсеткіштерін көрсетеді, ал басқалары – стандартты ауытқуларды көрсетеді.Шашырау диаграммасы екі айнымалы шамалар арасындағы мүмкін байланысын бағалау үшін қолданылады. Шашырау диаграммасы бойынша процес параметрлері арасында корреляциялық және кемімелдік байланыс формаларын орнатады.
Корреляция, айнымалылардың біреуінің, басқасының артуы (кемуі) кезінде, орта мәндегі өзгерісін көрсетеді. Шашырау диаграммасын құрастыру кезінде, осьтердің біреуінде бірінші параметрдің сандық мәндері, ал екінші ось бойында – басқа параметр мәндері алынады. Сандық мәндердің алынған шашырау «бұлты» екі айнымалы арасындағы өзарабайланыстың сипаттамасын визуалды түрде орнатуға мүмкіндік береді.