Квалиметрияның негізгі шарттары
1. Кез келген өнім (бұйым, қызмет көрсету, процесс, жүйе, т.б.) жеке қасиеттермен сипатталады, бұл қасиеттер деп, ГОСТ 15467-79 сәйкес, өнімді жасау, эксплуатациялау мен қолдану кезінде көрінетін өнімнің объективті ерекшеліктері танылады.
2. Сапа - өнімнің тұтынушы үшін пайдалылығының дәрежесін анықтайтын күрделі қасиет немесе қасиеттер жиынтығы. Өнім сапасы - өнімді қолданысы ұқсас басқа өнімнен ерекшелейтін, кейбір тұтынушылардың қанағаттану дәрежесін және нарық жағдайындағы өнімге сұранысты анықтайтын техника-экономикалық жүйемен сандық бағаланатын қасиеттер жиынтығы.
3. Сапа иерархиялы құрылым (қасиеттер ағашы)түрінде көрсетіледі, оның ең жоғарғы деңгейінде сапа, ал ең төмен деңгейінде қарапайым қасиеттер болады.
4. Жеке қасиеттер (қарапайым немесе күрделі) белгілі бір өлшем бірліктерінде өлшенуі немесе бағалануі мүмкін, нәтижесінде сапа көрсеткіштерінің абсолют мәндері анықталады.
5. Сапа көрсеткіштерінің абсолют мәндерін орнату мыналар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: - өлшеу құралдарын қолданумен метрология әдістерімен эксперименталды түрде; - эргономикалық және эстетикалық қасиеттерді анықтау үшін адамның сезім мүшелерін қолданумен органолептика әдістерімен эксперименталды түрде; - объектінің жұмыс істеуінің және сапа қасиеттері мен көрсеткіштері арасындағы аналитикалық байланыстарды орнатудың аналитикалық модельдерін құрастыру негізінде.
6. Көрсеткіштің абсолют мәнімен бірге, әрбір қарапайым немесе күрделі қасиет көрсеткіштің салыстырмалы мәнімен де сипатталуы мүмкін. Бұл салыстырмалы көрсеткіш көрсеткіштің абсолют мәнін негізгі мәнімен салыстырумен анықталады.
7. Сапа көрсеткіштерінің абсолют және салыстырмалы мәндерімен қатар, әрбір қарапайым немесе күрделі қасиет барлық басқа қасиеттер арасында өзінің салмақтылығымен сипатталады.
8. Сапаның сандық сипаттамасы, өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы деп танылатын өнім сапасының деңгейі болып табылады.
9. Сапа деңгейінің мәні көрсеткіштердің салыстырмалы мәндерінің және салмақтылық коэффициенттерінің қандай да бір функциясы ретінде көрсетіледі.
10. Сапаны сандық бағалаудың жалпы алгоритмі келесідей: - сапа көрсеткіштерінің иерархиялық құрылымын құрастыру; - сапа көрсеткіштерінің абсолют және негізгі мәндерін анықтау; - көрсеткіштердің салмақтылық коэффициенттерін анықтау; - сапаны комплексті сандық бағалаудың мәндерін анықтау.
Квалиметрия ғылым ретінде, жалпылық дәрежесімен, өлшеу мен бағалау құралдары мен әдістерімен ажыратылатын теориялардың өзара байланысқан жүйесі түрінде көрінеді. Мұндай теорияларға: жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия және пән квалиметриясы жатады.Жалпы квалиметрияда жалпытеориялық мәселелер: түсініктер жүйесі, бағалау теориясы (заңдар мен әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар мен ережелер), квалиметриялық шкалалау теориясы (өлшеулер, салмақтылық, өлшем жүргізу) қарастырылады.Арнайы квалиметрияда бағалаудың модельдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі мен сенімділігі: экспертті квалиметрия, ықтималдық-статистикалық квалиметрия, индексті квалиметрия, квалиметриялық таксономия, квалификациялар мен жүйелілеу теориясы қарастырылады.Пәндік квалиметрия объектілер бойынша бағалауды қарастырады (өнім мен техника квалиметриясы, еңбек пен қызмет квалиметриясы, шешімдер мен жобалар квалиметриясы, процестерквалиметриясы.