Квалиметрияның негізгі анықтамалары мен түсініктемелері.
Квалиметрия (латынша qualitas – «қандай, сапасы қандай», metreo – «өлшеу») - өнімнің адам қызметі процестерінің сапасын, өнім сапасын басқару мен стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым саласы.Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және дамыту.Квалиметрияның басты мақсаттары: сапа көрсеткіштері номенклатурасын негіздеу, оларды анықтау мен ықшамдау әдістерін жасау, бұйымдардың типтік өлшемдері мен параметриялық қатарларын ықшамдау, жалпылама сапа көрсеткіштерін құрұ принциптерін өңдеу және оларды стандарттау мақсаттары мен сапа басқаруда қолдану шарттарын негіздеу.Квалиметрия нормативті құжаттардағы сапа көрсеткіштерін регламенттеу бойынша, периодты, типтік, қабылдаушы-тапсырыстық және сертификаттық сынаулар процесінде сапа деңгейін бағалау мен сапа басқару бойынша қызметтің негізінде жатқан мәселелерді шешу методологиясы мен әдістемелерін зерттейді.Квалиметрия теориялық және қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық квалиметрия, нақты объектілерді дерексіздендіре отырып, сапаның сандық бағалауының принциптерін, классификациясын, жалпы әдістер мен арнайы мәселелерді негіздеп жасайды. Қолданбалы метрологияның басты мақсаты - өнімнің нақты түрлерінің ерекшеліктерін есепке алатын сапаны сандық бағалаудың әдістерін жасау.