Сараптама ақпаратын жүйелендіру шкалалары
Сараптамалық ақпартты өңдеудің мәні сарапшылардың жеке бағалаулары бойынша нәтижелік бағалауды табу болып табылады. Сараптамалық ақпаратты өңдеу үшін статистикалық және алгебралық әдістер, шкалалау әдістері қолданылады.
Шкала – құбылыстың белгілі бір сипаттамасын бағалайтын өлшеу құралы. Шкалаларды даярлау кезінде континуум – зерттелетін құбылыстың шекті күйін, сонымен қатар оны бағалаудың дифференциалдану дәрежесін, яғни позициялар мен рангтердің санын орнатады.
Шкалалардың келесі түрлері бар:
номиналды, реттік және интервалдық.
Номиналды (реттелмеген) шкала дегеніміз объективті сапалық сипаттамалардың немесе мотивтардың, пікірлердің тізімінен тұратын атаулар шкаласы.
Реттік шкала дегеніміз зерттелетін қасиеттердің реттелуі (мысалы көбірек маңыздыдан азырақ маңыздыға немесе керісінше) шкаласы. Реттік шкалалар ақпаратты реттеудің кең таралған әдісіне жатады. Бірінші жағдайда шкалу арту ретінде, екіншісінде – кему ретінде болады.
Интервалдық шкала дегеніміз зерттелетін құбылыстың реттеліп байқалуының арасындағы айырымдар (интервалдар) шкаласы. Мұндай шкаланың мысалы ретінде мәліметтердің реттелген статистикалық жиынтығын, яғни сандардың разрядтар бойынша таралуын келтіруге болады.