Бірізді салыстыру əдісі
Бірізді салыстыру əдісінің мәні келесіде. Эксперт зерттелетін объектілерді олардың маңыздылығы ретімен орналастырады. Әр объектіге алдын ала белгілі бір балл беріледі, мысалы, 0-ден 1-ге дейінгі шкала бойынша. Ең маңызды объектіге 1 балл, ал қалған объектілерге олардың маңыздылығының кему реті бойынша 1-ден 0-ге дейінгі балл беріледі. Содан кейін эксперт 1 рангі бар объектінің маңыздылығы қалған объектілердің баллдық бағалануының қосындысынан артық болады ма деген сұраққа жауап береді. Егер болса, бірінші объектінің баллдық бағалануының шамасы осы шарт орындалғанға дейін артады, ал болмаса, эксперт сол шаманы барлық қалған объектілердің бағасының қосындысынан кем болатындай сандық мәнге дейін кемітеді.
Екінші, үшінші және содан кейінгі объектілердің маңыздылығы бойынша бағасының шамасы рет-ретімен, бірінші объекті сияқты анықталады.
Бірізді салыстыру әдісі эксперт үшін өте қолайсыз, әсіресе зерттелетін объектілердің саны 6-7-ден артық болған оны жүргізу үшін өте көп уақыт пен еңбек жұмсау керек.