Топтық сараптама жүргізу сатылары.
1. Мәселелерді ұқсастандыру сатысы— бұл сатыда сараптама жүргізушілер және пайдаланушылар типтері, сараптама жүргізу мақсаттары, мәселелері, шешімдер табу әдістері анықталады. Эксперттік жүйені құру және қолдану процестерінде қатысушыларды және олардың рөлін анықтау. Сараптық жүйесін құруға келесі мамандар қатыса алады: білімі бар инженерлер (маманданған), сараптама жүргізушілер, программисттер, жоба басшысы, тапсырыс берушілер (соңғы пайдаланушы). Қарапайым сараптық жүйесін құру кезінде программисттер болмауы мүмкін. Инженерлер рөлі – сараптама жүргізушілердің кәсіптік білімдерін қолдану және ЭЖ білім жүйесі мен құрылымын жобалау. Программист берілген сараптық жүйесі үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуде қажет.
2. Білім алу сатысы — мәселе туындаған аумақта сараптама жүргізуді, қолданылған түсініктер мен олардың өзара байланыстарын анықтаудан тұрады. Мәселелерді шешу әдістерін анықтайды.
3. Білімді құрылымдау сатысы — ақпараттық жүйелер таңдалады және білімнің барлық түрін көрсету әдістері анықталады, негізгі түсініктер нысандалады, білімді түсіндіру әдістері анықталады, жұмыс жүйесі модельденеді, жазылып қойған түсініктер жүйесінің шешу әдістері, көрсету құралдары мен біліммен айла –тәсіл жасау сәйкестігі бағаланады.
4. Формалдау сатысы — сараптық жүйесі эволюциясының білімді ұйымдастыруға арналған құрылымдар жасалатын сатысы. Сараптық жүйе негізі білім болғандықтан, осы саты сараптық жүйені құрудың ең маңызды және көп еңбекті қажет ететін саты болып табылады. Білім алу процесі сарапшыдан алу (тиімді жұмыс жүйесін қамтамасыз ететін білім ұйымы) және білімді сараптық жүйе ретінде ұсыну болып бөлінеді. Білім алу процесін инженер жүзеге асырады, ол нақты мәселені шешудегі сарапшылардың қызметі нәтижелері негізінде орындайды.
5.Сараптық жүйені жүзеге асыру сатысы — талап етілген мәселелерді шешетін бір немесе бірнеше сараптық жүйелер прототиптері жасалады.
6. Тестілеу сатысы — сараптық жүйесінің білімін көрсетуге таңдалған әдістерге бағалау жүргізіледі. Сараптық жүйесін толық бағалау жүргізіледі. Жұмыс жүйесінде сәтсіздіктің тууының келесідей көздері бар: тесттік мысалдар, енгізу-шығару, шығару ережелері, басқарушы стратегиялар. Тесттік мысалдар көрсеткіштері сараптық жүйе жұмысы сәтсіздігінің негізгі себебі болып табылады. Сондықтан тесттік мысалдарды дайындағанда оларды мәселелер аумағына, қиын жайттардың шектерін анықтауға байланысты жіктеп алу керек.