Эксперттік жүйесінің өнеркәсіптік түп тұлға сатысы
Эксперттік жүйелер – бұл формализацияға жатпайтын есептерді шешу үшін мамандардің тәжірибелерін және білімдерін колданылатын ақпараттық технологиялар.
ЭЖ ерекшеліктері:
- қиын практикалық есептер үшін қолданылады;
- тиімділік және сапалылық;
- пайдаланушыға шешімі түсінікті (сандық немесе статистикалық әдістерге қарағанда);
- эксперттің көмегімен білімін толықтыруға мүмкіндік бар.
Эксперттік жүйені жасау сатылары:
- идентификация. Бұл саты көрсетуші түп тұлғаға жатады;
- концептуалды. Бұл саты зерттеуші түп тұлғаға жатады;
- формализация. Бұл да зерттеуші түп тұлғаға жатады;
- реализация.Бұл жұмыс жасаушы түп тұлғаға жатады;
- тестілеу. Бұл саты өнеркәсіптік түп тұлғаға жатады;
- тәжірибелі эксплуатация. Бұл коммерциялық түп тұлғаға жатады.
Өнеркәсіптік түп тұлға - бұл уақыт пен жадының минимумында барлық міндеттердің жоғары сапалы орындалуын қамтамасыз ететін эксперттік жүйенің сатысы болып табылады. Жұмыс жасаушы түп тұлғадан өнеркәсіптік түп тұлғаны жасау процесі базалық білімді кеңейтуден (150 атқарылатын бекітулерге дейін) және оны мұқият талқылаудан тұрады. Эксперттік жүйені жасаудан бастап оны өнеркәсіптік түп тұлға сатысына дейін жетілдіру үшін 2-4 жыл уақыт қажет. Бұл сатыда ережелердің саны 1000-1500 аралығында болады.