Эксперттік жүйесінің жұмыс істеуші түп тұлға сатысы
Эксперттік жүйелер – бұл формализацияға жатпайтын есептерді шешу үшін мамандардің тәжірибелерін және білімдерін колданылатын ақпараттық технологиялар.
ЭЖ ерекшеліктері
қиын практикалық есептер үшін қолданылады
тиімділік және сапалылық
пайдаланушыға шешімі түсінікті (сандық немесе статистикалық әдістерге қарағанда)
эксперттің көмегімен білімін толықтыруға мүмкіндік бар
Жұмыс істеуші түп тұлға - бұл эксперттік жүйенің ең төменгі сатысы болып табылады. Ол барлық талап етілген міндеттерді сенімді орындайды, алайда күрделі есеп орындау үшін көп уақыт пен жадыны талап етеді.
Эксперттік жүйені жасаудан бастап оны жұмыс жасаушы түп тұлға сатысына дейін жетілдіру үшін 1-2 жыл уақыт қажет. Бұл сатыда ережелердің саны 500-1000 аралығында болады.