Эксперттік бағалау. Дельфы әдісі
Эксперттік бағалау әдісі -халықаралық зерттеудің аппликативті әдістерінің бірі. Бұл әдіс бойынша қарастырылып отырған мәселеге қатысы бар маман сарапшылар арнайы шақырылып, өз бағаларын береді.
Эксперттік бағалаулардың негізіндегі басты идеясы бағалаудың сандық әдістері және алынған жетістіктердің қайта жасалынуына сүйенетін адамның интуициялық-логикалық ойлауының тиімді процедурасын құрумен сипатталады.
"Дельфи" әдісі – эксперттік болжамды жасаудың негізделген және қатаң процедураларын жасау амалдарының бірден бір түрі, бұл әдісті АҚШ корпорацияларының бірінде қызмет ететін қызметкерлер Т. Гордон мен О. Хелмер екеуі ашқан, 1964 жылы, олар бірнеше ғылымдар түрі бойынша даму перспективаларына қатысты мамандардың ортақтандырылған және статистикалық ойларының жинағын жарыққа шығарған болатын. Оны ғылым мен техниканың даму болжамдары барысында және инвестициялар мен басқа аспектілерді болжауда пайдаланады. Бұл әдістің мақсаты:Дельфи әдісі - сарапшының тобының барлық қатысқандарының тәуелсіз пікірін талқылап барлық идеяларды біріктіріп, бір шешімге қорытындыға келеді."Дельфи" тәсілінің мағынасы – көптеген еңбектік жекеленген сауалнамалардың бағдарламаларын жасау. Эксперттердің жекеленген сауалнамасы анкета-сұрақ түрінде жүргізіледі. Кейіннен статистикалық қорытындылар ЭЕМ-де жасалынады, топтың ұжымдық ойы қалыптасады, әр түрлі пікірлерге байланысты аргументтер анықталып ортақтандырылады. ЭВМ-дегі қарастырылған ақпарат эксперттерге хабарланады, олар берілген бағаларды түзете алады, және де ұжымдық пікірлермен келіспегенддері болса, түсіндіруге болады. Бұл процедура 3–4 рет қайталануы мүмкін. Соның салдарынан бағалардың диапазонының азайғаны байқалады, объектінің даму перспективаларына қатысты келісілген пікір қалыптасады.