Эксперттік жүйелерді өңдеу технологиясы

Қазіргі кезде эксперттік жүйелерді өңдеу технологиясының анықтамасы 6 этаптан тұратыны анықталды.
1-этап.Идентификациялау
Шешімі бар тапсырмаларды анықтайды.Өңдеу жолдары (ходы),эксперттік жүйенің прототипі жоспарланады.Керекті ресурстар (уақыт,адамдар,ЭЕМ және т.б.),білім көздері (кітаптар,қосымша мамандар,әдістер), ұқсас басұа да эксперттік жүйелер,мақсаттар және т.б. анықталады.
Идентификация этапы-өңдеушілер ұжымын таныстыру және оқыту.Орташа ұзақтығы 1-2 ай.
Бұл эксперттік жүйелерді өңдеу этапында білімді алу өтеді.Білім инженері экспертке эксперттік жүйенің жұмыс істеуіне қажет әртүрлі тәсілдерді:мәтінді талдау,диалогтар,эксперттік ойындар,лекциялар,интервью,бақылау және т.б. қолдана отырып білімді құрылымдауға және анықтауға көмектеседі. Орташа ұзақтығы 1-3ай.
2-этап.Концептуалдау.
Мұнда пәндік облыс туралы алынған білімнің құрылымы анықталады.
Концептуалдау-білімнің пәндік облыс туралы түсінік және негізгі концепциясын білдіретін баған,кесте,диаграмма немесе мәтін түріндегі формалды емес сипаттамасын өңдеу.Этаптың орташа ұзақтығы 2-4 апта.
3-этап.Формалдау.
Формалдау этапында концептуалдау этапында анықталған барлық негізгі түсініктер мен қатынастар білім инженері ұсынған формалды тілде өрнектіледі.
Мұнда қолданылып отырған құралдар қарастырылып отырған мәселені шешу үшін бола ма екенін немесе өзіндік өңдеу керек пе екенін анықтайды.
4-этап.Тарату(реализация)
Білім базасы және басқа жүйе бөлігін құрайтын эксперттік жүйенің прототипін құрайды.
Бұл этапта келесі құралдар: қарапайым тілдегі (Паскаль,Си және т.б.) программалау,жасанды интелект тапсырмаларында (LISP, FRL, SmallTalk және т.б.) қолданылатын арнайы тілдегі программалау және т.б. қолданылады.
Бұл этапта бағдарламалық комплекс құрылатындықтан,эксперттік жүйелерді өңдеуде негізгісі болып табылады.Орташа ұзақтығы 1-2ай.
5- этап.Тестілеу
Прототип- ыңғайлылығына және шығару –енгізу интерфейсінің дұрыстығына,басқару стратегиясының тиімділігіне,тексерілетін мысалдардың сапалылығына,білім базасының дұрыстығына тексеріледі.
Тестілеу-таңдалған тәсілде қателіктерді анықтау,прототипті таратудағы қателіктерді анықтау,сонымен қатар жүйені өндірістік нұсқаға дейін жеткізу туралы ұсыныстарды дайындау.
6-этап.Тәжірибелі қолдану(эксплуатациялау)
Соңғы пайдаланушыға эксперттік жүйенің жарамдылығы тексеріледі.Бұл этаптың нәтижесі бойынша эксперттік жүйенің модификациясы қажет болады.