CALS-технологиялары
CALS (Сontinuous Acquisition and Life Cycle Support) – бұйымның немесе өнімнің өмірлік циклін үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл ӨӨЦ-не қатысушылардың заманауи ақпараттық өзара қарым-қатынас әдісін еңгізу арқылы өнеркәсіптің шаруашылық қызметінің процестерінің пайдалылығын және өнімділігін, тиімділігін көтеретін стратегия болып табылады.
CALS-технологияны қолданудың мақсаты – өнімді дамыту және зерттеу процестерін тездету, бұйымға жаңа қасиет беру, өнімді өндіру және қолдану процестеріндегі шығындарды азайту, техникалық қызмет көрсету және қолдану процестеріндегі қызмет көрсету деңгейін көтеру арқылы олардың қызметінің тиімділігін көтеру болып табылады.
CALS-технологияның пәні – ақпараттық интерграцияның технологиясы болып табылады, яғни ӨӨЦ-нің өтіп жатқан әрбір кезеңінде өнім туралы ақпараттарды бірлесіп қолдану және айырбастау.
CALS-технологияны негізі:
- бірыңғай ақпараттық модельдер жүейсін қолдану;
- ақпаратты алу әдістерін және оларды дұрыс түсіндірілуін стандарттау;
- ақпараттарды бірлесіп қолданудың заңнамалық сұрақтардың, ақпараттартың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ӨӨЦ-нің барлық этаптарында CALS форматында ақпараттарды айырбастау және шығара алатын автоматтандырылған программалық жүйелерді қолдану(CAD/CAM/CAE, MRP/ERP, PDM және т.б.);
CALS-технологияның көмегімен шешілетін мәселелер.;
- ӨӨЦ-н және бизнесс-процестерді жүргізуді модельдеу
- Бұйымды жобалау және өндірісі.
- Бұйымның эксплутациясы.