Ақпараттық жүйелерді жасау принциптері.

Өткен ғасырдың 60 жылдарында ақпараттық жүйені жасау процесі негізделетін 6 принципті құрастырған: жаңа мәселе, жүйелік әрекет, бірінші басқарушы, жоба шешімдерді дұрыс типтеу, жүйені үздіксіз дамыту, ақпараттың кіріс-шығысын азайту. Компьютерлердің және ақпараттық технологиялардың дамуынан бұл принциптер қайта жасалынды, оларға: жүйелік, даму (ашықтық), үйлесімдік, стандарттау(унификация) және эффективтілік.
Жүйелік принципінің негізі декомпозиция кезінде жүйенің құрылымдық компоненттерінің арасында корпоративтік жүйенің тұтастығын және басқа да жүйелермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін байланыстар орнатылуы қажет. Берілген міндетті басқалардан бөлек жасауға және оның тек қана бір аспектісін жүзеге асыруға болмайды. Мәселелер барлық мүмкін болатын ақпараттық байланыстарымен бірге жүйе ретінде қарастырылуы қажет.
Даму(ашықтық) принципінің негізі әр түрлі себептермен шартталған жүйеге өзгерістерді енгізу - жасалғанды қайта түземей, тек қана жүйеге қосымшаларды енгізу арқылы жасалуы тиіс, яғни жұмыс істеуін бұзбау қажет. Бұл принципті практикада жүзеге асыру қиын, себебі ол үлкен аналитикалық жұмыстарды қажет етеді.
Үйлесімдік принципі жүйені жасау кезінде орнатылған ережелерге байланысты басқа да жүйелермен өзара әрекеттесе алатын ақпараттық интерфейстерді құруға негізделген.
Стандарттау принципі. Жүйені жасау кезінде типтік, унификацияланған және стандартталған элементтер, жобалық шешімдер, қолданбалы программалар пакеті, компоненттер, комплекстерді рационалды қолдану қажет.
Эффективтілік принципі. Басқару процесіндегі автоматтандыруды енгізу аяқталғаннан кейін алынатын және пайдасында көрінетін соңғы нәтижелерді қоса алғанда жүйені жасауға кеткен шығындар және арнаулы эффектілер арасындағы рационалды арақатынасқа жету қарастырылады.