Реляциялық модельдің принциптері.

Реляциялық мәліметтер базасы кесте түріндегі мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып табылады. Реляциялық модельдің қарапайым түрін ең алғаш рет 1970 жылы IBM компаниясының қызметкері Е. Кодд ұсынған болатын.
Бұл деректер моделінің артықшылығы оны қолданудың аспаптық құралының салыстырмалы қарапайымдылығы, ал кемшілігі мәліметтер құрылымына қатаңдығы және оның жұмыс істеу жылдамдығы мәлеметтер базасының мөлшеріне тәуелді болуы.
Реляциялық модельдің негізгі принциптеріне мыналар жатады:
- концептуалдық деңгейдегі барлық ақпараттар жол мен бағаннан тұратын және оларды қатынас(relation) деп атайтын реттелген құрылымға келтіріледі. «Қатынас» деген сөздің көп таралған синонимі – кесте. Дәл осыдан «реляциялық МБ» деген термин шығады.
- Барлық мәндер скаляр болып табылады. Кез-келген жол және бағана үшін тек қана бір мән табылады.
- Барлық операциялар тұтас қатынас үшін өткізіледі, және олардың нәтижесі тұтас қатынас болады. Бұл принципті -тұйықталу принципі деп атайды. Сондықтан бір операцияның нәтижесін келесі операция үшін берілген мән ретінде қолдануға болады.