Коддтың ережелері
Британдық ғалым Эдгар Кодд реляциондық мәлімет қоры тұжырымдамасын түсіндірген және Коддтың атақты 12 ережесін қалыптастырған. Коддтың моделіне сәйкес, барлық мәліметтер кестелерде сақталады, олардан өрнектеу жолымен Коддтың өзі байланыс деп атаған жаңа кестелерді алуға болады. Осылайша реляциондық мәліметтер қоры ұғымы пайда болады.
0-ші ереже. (орнықты ереже). Деректер қоры басқаруы үшiн реляциялық жүйе тек қана реляциялық мүмкiндiктер қолдануы керек
1-ші ереже(ақпараттық ереже). Барлық мәлімет реляциялық деректер базасындағы логикалық деңгей кесте сақталған мәндер түрінде және анық түрінде көрінеді.
2- ші ереже(гарантиялық рұқсат ережесі). Логикалық рұқсат етілген барлық реляциялық деректер базасындағы әрбір мәлімет элементіне комбинациядағы кесте аты, баған аты және алғышқы кілттің мәнімен қамтамасыз етіледі.
3-ші ереже(белгісіз мәндерді өңдеу ережесі). Реляциялық базасындағы ұсыну мүмкіндігіндегі белгісіз мәндерді іске асыру керек.
4-ші ереже (МБ сөздігіне кіруге рұқсат ережесі). Деректер база сөздігінің логикалық құрылымы, реляциялық тіл көмегімен деректер базындағы құрылымдарымен басқара алатындығын қолдану үшін реляциялық болуы керек.
5-ші ереже. (мәліметтерді басқару тілінің толықтығының ережесі).Транзакция шекараларын анықтау
6 ереже (түсініктерді жаңарту ережесі). Теориялық түрде жаңартуға болатын барлық түсініктер жаңартылып тұруы қажет.
7 ереже (көптеген жаңартулар ережесі). Кестедегі мәліметтерді оқу сияқты, жаңарту және жою, қою операцияларды базалық кестеге қолданылу қажет.
8 ереже (физикалық деңгейдегі тәуелсіздік ережесі). Мәліметтердің немесе аппараттық бөлімнің физикалық деңгейінде қандай да өзгерістер болса да, мәліметтерді басқару утилиттеріне немесе қолданбалы программалардың қалыптасуына әсерін тигізбей қажет.
9 ереже (логикалық деңгейдегі тәуелсіздік ережесі). Қолданбалы программалар МБның құрамына еңгізілген өзгерістерге тәуелді болмауы қажет..
10 ереже (тұтастық шарттарының тәуелсіздік ережесі). Реляционды МБ тілінде берілген МБң тұтастық ережесін құрастыру мүмкіндігі болуы қажет
11 ереже (шашыраудың тәуелсіздік ережесі). МБ үлестірілуі немесе басқа компьютерлерге ауысуы мүмкін, және бұл қолданбалы прогрпммалық қамсыздандырумен байланысты болмауы қажет.
12 ереже (жалғыздық ережесі). Егер реляциондық жүйеде төмен деңгейлі тіл болса, онда МБ каталогында сақталатын және реляционды тілде құрастырылған тұтастық шарттарын және ережесін айналып өту үшін қолданылатын мүмкіндіктер болмауы қажет.