Деректер базасындағы деректер қасиеті
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл.
Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.
Деректер базасындағы ұсталатын деректердің қасиеттері келесідей:
1) Интеграция – көптеген тұтынушылардың ( қолданушылардың ) қолдануына арналған мәліметтер жиынын базада ұйымдастыру мүмкіндігі. Оның үстіне әрбір тұтынушының және әрбір бағдарлама пакетінің мақсаттары сақталады. Әр қолданушының өтінішіне жауап ретінде тек керек болғаны мәліметтер және тек қандай түрде керек болса, сол түрде беріледі.
2) Тәуелсіздік екі түрлі жағыдайда қажет: а) жалпы логикалық құрылымдардағы мүмкін болар өзгерістер бағдарламалар пакетіне әсер етпеу керек; ә) қол жеткізу тәсілдеріндегі немесе сыртқы зердеде мәліметтерді ұйымдастыру жолдарындағы өзгерістер оның жалпы логикалық құрылымына да, бағдарламалар пакетіне де әсер етпеу керек; Сондықтан, ол екі түрлі тәуелсіздікке бөлінеді: логикалық және физикалық. Логикалық тәуелсіздік дегеніміз - сақталатын мәліметтердің жалпы логикалық құрылымы мүмкін болар өзгерістерінен, қолданушылар мен бағдарламалар пакетінің тәуелсіздігі. Физикалық тәуелсіздік дегеніміз – мәліметтердің физикалық ұйымдастыруының мүмкін болар өзгерістеріне қолданушылар мен бағдарламалар пакетінің тәуелсіздігі.
3) Артықтық ( мәліметтерді қосалқылау ). Ол ДБ-ның қандай да бір минималды немесе басқарылатын деңгейде ұстап тұрады. Қосалқылауды толық жоюға тырысу керек, өйткені бұл зердені артық жұмсауға әкеп соғады да өңдеуді қиындатады. Алайда, іздеу процесін жедлдету үшін қосалқылаудың бір деңгейін сақтау керек.
4) Қорғаныс. Қорғаныс екі аспектіде қарастырылады: а) қолданушылар жағынан және де бағдарламалық, аппараттық жағынан байқаусыздан қол жеткізуден, қиратудан немесе қисайтудан қорғану; ә) қолданушылар жағынан әдейі істелген қол жеткізуден, қиратудан және қисайту-өзгертуден қорғау. Бірінші жағыдайда мәліметтердің қауіпсіздігі туралы айтады. Қауіпсіздікті сақтау ДБ-ның ішкі ісі. Екінші жағыдайда құпиялық туралы айтады. Бұл ДБ-ның сыртқы ісі. Құпиялық әкімшілік және заң жолымен сақталады.
5) Бүтіндік. Бұл уақыттың әрбір кезінде мәліметтердің шындығын, дұрыстығын сақтау.