Деректер моделіндегі өзара байланыстардың типтері

Деректер моделі және түрлері
1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген
графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде
иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі
пайдалынылады.
2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі
өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға
екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.
3. Реляциялық модель -
мәліметтердің реляциялық моделін JBM
фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына
негізделеді.
Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады,
қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.
4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі
кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып
тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық
модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден
тұрады.
5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім
қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық
деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және
шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге
бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл
деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры
ұсынылады [2].
6. Объектіге бағытталған модель - объектіге бағытталған модель
тармақталған түрінде беріледі. Объектіге бағытталған деректер қорының
логикалық құрылымы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас.
1.2 Кестелерді байланыстыру және байланыс түрлері
Кестелерді байланыстырудың негізгі және қосымша кестелері болады.
Негізгі және қосымша кестелердің байланыс өрістері қалай анықталуына
тәуелді. Жалпы жағдайда екі кесте арасында келесі 4 негізгі байланыстар түрі
орнатылуы мүмкін:
1:1 - негізгі және қосымша кестелердің өрістері кілтті болған жолдарда
құрылады және мұндай екі кестенің кілттік өрістің мәндері қайталанылады;
1:К - негізгі кестенің бір жазбасы қосымша жазбаның бірнеше жазбаға
сәйкес келген кезде орындалады;
К:1 - бір немесе бірнеше негізгі кестенің жазбаларының бір жазбасы
сәйкес келсе, оны бірдің көпке байланысы деп атайды;
К:К - негізгі кестенің бірнеше жазбалары қосымша кестенің бірнеше
жазбаларына сәйкес келгенде орындалады [3].