деректер базаларын баскару жуйелери
Деректер қорының басқару жүйесi - деректер қорының құруын, қолданылуын және жүргiзуiн қамтамасыз ететiн тiлдiк және программалық жабдықтардың жиынтығы.
ДББЖ – деректер қорын құрумен жүргiзуге арналған универсалды программалық құрал.
ДҚБЖ құралдармен кез келген қолданушы деректер қоры файлдарды құруын оларды қарастыруын өзгертуiн ақпаратты iздестiруiн кез келген формалық басымдары қалыптастырылуын орындай алады және деректер қорының құрылымы дискiде жазылғандығынан басқа бiреуiнен құрастырылған файлдардан берiлгендердi ашуға, қарастыруға, таңдауға болады.
ДҚБЖ – ның негiзгi функциялары:
1. Деректердi анықтау (деректер қоры құрылымының сипаттамасы).
2. Деректердi өңдеу:
1) жазбаларды қосу
2) жазбаларды өшiру
3) жаңарту
4) жазбаларды iздеу
3. Деректердi басқару:
1. деректердi рұқсатсыз қол жеткiзуден қорғау
2. көп қолданушының режимiнiң көмегi
3. деректермен жұмыс және деректердiң тұтастығымен келiсiмдiлiгiнiң қамтуы.
ДҚБЖ-ң негiзгi қасиеттерi:
модельдердiң әр түрлi обьектiлерiнде деректердiң қайталауының жоқтығы;
деректер қорының тұтастығы;
деректердi таңдаудың барлық мүмкiндiктерi;
программалардың деректерден тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуi;
деректердi қайта жүктеусiз деректер қоры құрылымын өзгерту мүкiндiгi.
КезкелгенМББЖмәліметтерментөртқарапайымоперацияорындауғамүмкіндікбереді:
■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
ДҚБЖ қолданбалы программалардың дестелерi түрiнде келетiн программалық өнiм, оны компьютерде орналастыру үшiн компьютердiң конфигурациясын, ресурстарын және операциондық жүйесiн есепке алып орнатады.ДҚБЖ – ны орнатқаннан кейiн деректер қорының құруын деректер қоры тұрмыстық тапсыруын, деректердi енгiзiлуiн және ДҚБЖ – ны функционалдық мүмкiншiлiктерi мен қарастырған кез келген амалдарды орындауға болады.ДҚБЖ көптеген таңдаулы факторлармен анықталады, бiрақ соның негiзгiсi құрастырылған деректер моделiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгi. Сондықтан негiзгi сипаттамасы – модельдiк типi болып саналады. Көбiнесе ДҚБЖ –ның реляциондық моделi қолданылады.