Желілік модель. Артықшылығы, кемшілігі

Мәліметтердің желілік моделінде элементтерінің әртүрлі өзара
байланысын еркін бұтақ түрінде бейнелеуге болады, сонымен бірге
мәліметтердің иерархиялық моделін жалпылайды. Желілік МҚ-ң
тұжырымдамасы алғаш рет толық КОДАСИЛ тобының ұсыныстарында
баяндалған.
Желілік мәліметтер қорының схемасын сипаттау үшін типтердің екі тобы
қолданылады: «жазу» және «байланыс». «Байланыс» типі келесі екі «жазу» типі
үшін анықталады: ұрпақ және аталық. «Байланыс» типі айнымалысы байланыс
экземпрляры болып табылады. Желілік мәліметтер қоры жазулар жиынтығынан
және жиындардың сәйкес байланыстарынан тұрады. Байланысты қалыптастыру
үшін ерекше шектеулер қажет емес. Егер иерархиялық құрылымда жазу-
ұрпақтың тек бір ғана жазу-аталығы болса, мәліметтердің желілік моделінде
жазу-ұрпақтың жазу-аталықтар саны еркін алынады (өгей аталық). Қарапайм
желілік мәліметтер қорының схемасы 7-суретте көрсетілген.

Желілік типті қордағы мәліметтердің физикалық орналасуы, иерархиялық
МҚ-дағыдай әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін.
Мәліметтердің желілік моделінің жетістігі – жадының пайдалану
көрсеткішінің тиімді жүзеге асырылуы мен жеделдігінде болып табылады.
Иерархиялық модельмен салыстырғанда желілік модельдің еркін байланыстар
құруда мүмкіндіктері көп.
Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі МҚ схемасының аса жоғары
күрделілігі мен қатаңдығы, сондай-ақ, МҚ-дағы ақпаратты өңдеуді әдеттегі
пайдаланушының түсініп, орындауындағы қиындықта болып табылады.
Мұнымен қатар, желілік мәліметтер моделінде байланыстың тұтастылығын
бақылаудың әлсіздігінде және жазулардың арасындағы еркін байланыстарды
орнату мүмкіндігінің шығуы.
Практикада желілік модель негізіндегі жүйелер кеңінен таралмаған.
Танымал желілік МҚБЖ-не: IMDS, DB_VISTA III, СЕТОР, КОМПАС жатады.