Деректердің негізгі түрлері

Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде енгізіледі. MS Accessте келесі типтердің деректері мүмкін болып табылады:
Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255 таңбаға дейін).
Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер.
Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау.
Ақшалы– ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер.
Memo – көп көлемді мәтінді сақтау.
Санауыш– арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді.
Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ).
OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект.
Гиперсілтеме- әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол.
Алмастыру шебері– тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс.
Сандық өрістер
1.Сандық типтің деректерін енгізгенде деректерді автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Егер деректер мәтіндік немесе арнайы символдардан тұрса, MS Access ескерту жасап, қате деректер енгізілмейді.
2.Тек сандық өрістермен ғана математикалық операциялардың орындалуы мүмкін.
Ақша типінің өрісі
Ақша өрісі сандық өріске ұқсас. Сандық өрістен айырмашылығы - Өріс пішімі қасиетінің ақша өрісі Ақшалай мәніне автоматты түрде орнатылады, ал Ондық таңбалар саны қасиеті қажет кезінде өзгертуге болатын, үтірден кейінгі екі таңбаға ең мәнді қабылдайды. Ақша типінің көмегімен бүтін 15 таңбаға дейінгі дәлдікпен есептеуді және бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін есептеуді орындай алады. Мұнда өріс мөлшері 8 байтты құрады.
Санауыш типінің өрісі
Санауыш типінің өрісі мәндері түзетілмейтін, алайда кестеге әрбір жаңа жазба қосуды автоматты түрде орнататын деректерді сақтауға арналған. Олардың мәндері бірегей, әрбір жаңа жазба қосқан сайын 1-ге тізбектей артып отыруы немесе кез келген сан.
Дата/уақыт өрісі
Деректер арнайы пішімді келтірілген өрістердің датасы мен уақытын сақтау үшін қолданылуы бірқатар қосымша артықшылықтарын ұсынады.
Логикалық өріс
Логикалық өрістер екі мәннің бірін ғана қабылдайтын деректерді сақтау үшін қолданылады. Логикалық өрістің Өріс пішімі арнайы пішімдерді немесе Ақиқат/Жалған, Иә/Жоқ немесе Қосу/Жою – үш құрамдастардың бірін қолдануға мүмкіндік береді. Мұнда Ақиқат, Иә және Қосу – True логикалық мәніне, ал Жалған, Жоқ және Жою – False логикалық мәніне эквивалентті
Кез келген ұзындықтың мәтіндік өрістері
Кез келген ұзындықтың мәтіндік өрістері (MEMO өрісі) қарапайым мәтіндік өрістегідей деректер типінен тұруы мүмкін. Бұл өрістердің арасындағы айырмашылық – MEMO мөлшері 255 символмен ғана шектелмей, 65535 тұруы мүмкін.
OLE объектісінің өрістері
MS Access кестелерде бейнелерді және басқа екі еселенген деректерді (MS Excel электрондық кестесі, MS Word құжаты, сурет, дыбыстық жазба) сақтайды.