Деректер модельдері

Кез- келген деректер қорының ядросы болып деректер моделi болып саналады. Деректер моделi - деректердiң құрылғылары мен оларды өңдеу операциялардың жиынтығы. Деректер модельдер көмегiмен пәндi облысының объектiлерi және олардың арасындағы өзара байланысуды көрсетуге болады. Деректердiң негiзгi үш модельдер түрлерiн айырады: иерархиялық, желiлiк және реляциялық. Иерархиялық деректер қоры 60 жылдың басында пайдаланған. Олар ағаш түрiнде құрастырылған. Бұл жерде деректер екi категорияға бөлiнедi: басты; тәуелдi; Сонда объектiнiң бiр түрi болып, ал қалғандары иерархияның төменгi деңгейiнде орналасып тәуелдi болады. Иерархияның ең жоғарғы объектi – түпкi деп аталады, ал қалғандары тәуелдi объектiлер деп аталады. Желiлiк деректер қоры – иерархиялықпен бiрге пайдалана бастады деп айтуға болады. Бұндай деректер қорларында кез- келген объект басты да, тәуелдi де болуы мүмкiн. Реляциондық деректер қоры- ( relation- қатынас). Реляциондық деректер қоры программада 70 жылдары кең колданыла бастады. Бұндай деректер қорларында объектiлер және олардың арасындағы өзара байланыстар қатарлар мен бағаналардан тұратын тiктөртбұрышты кестелер түрiнде көрсетiлед және әр кесте өзiмен деректер қорының объектiсi болып көрсетiледi.