Деректер базаларының анықтамасы мен негізгі түсініктері
Деректер базасы – белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты деректерді баяндау, сақтау мен амал тәсілдер мен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған деректердің жиынтығы.Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арнаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым ДБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын поездер қозғалысы кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. атауға болады.. Деректер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғ 50 жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік. Объект деп мағлұматтары деректер базасында сақталатын ақпараттың жүйенің элементтері аталады. Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттың бейнелеу. Әрбір объект атрибутының кейбір жиынтығымен сипатталады. Деректердің басты элементі деп деректердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады. Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын бірегей түрде жалғастыратын атрибуттар тобы. Ең алдымен екінші реттегі кіліттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады.