Өнертабыс классификациясы
Өнертабыстардың жіктеуі (классификациясы) (Өнертабыстардың ұлттық жіктеуі, өнертабыстардың халықаралық жіктеуі, өнертабыстардың халықаралық жіктеудін иерархиялық құрылымы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық жіктеулері ). Өнертабыс патенті - өнертабыс иесіне немесе оның ізбасарына авторлық құқық беріп, оның ұсынысы өнертабыс ретінде мойындалғанын куәландыратын құжат.1975 жылы 7 қазанда күшіне енген Халықаралық патенттік жіктеуіш өнертабыстарға сипаттаулар, жарияланған патенттік өтініштер, авторлық күәліктер, пайдалы модельдер және пайдалығы туралы куәліктерді (бұдан әрі «патенттік құжаттар» деген жалпы терминмен аталатын) қамтитын бірыңғай жіктеу жүйесін жасауын көздейді. 1971 жылы 24 наурызда қол қойылған халықаралық патенттік жіктеу туралы Страсбург келісімі негізінде қабылданған функционалды-салалық принципі бойынша құрылған Халықаралық патенттік жіктеу халықаралық масштабта өнертабыстар туралы мәліметтерді біркелкі жіктеу және іздеу үшін негізгі немесе қосымша құрал ретінде қолданылады. ХПЖ объектілері қорғау құжаттармен қорғауға жататын білімнің барлық салаларын қамтиды. ХПЖ - шарты атауларға ие болатын және А-дан Н-ға дейін латын алфавитінің басты әріптерімен белгіленген 8 тарауға бөлінген. 2001 жылы күшке енген тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8 редакциясы 45 класстан құралады. 1-34-ші классқа дейін – тауарлар. Мысалы, 12 класс-жер, су және ауамен жылжитын көлік құралдары мен аппаратарын жіктеу үшін қолданылады. 35-ші кластан 45-ші класска дейінгі – қызметтер. Мысалы, 43 класс тамақ өнімдері және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жіктеу үшін қолданылады.